Қытайлық Hanergy энергия тиімділігі бойынша үш әлемдік рекорд орнатты
|
Күн энергиясын түрлендірудің жаңа технологиясында Қытайлық Hanergy компаниясы энергия тиімділігі бойынша үш әлемдік рекорд орнатты. Жаңа технология пилотсыз ұшу аппараттарына, үйлердегі күн панельдеріне, көлік құралдары мен цифрлық құрылғыларда қолданылуы мүмкін, деп жазады China Daily.
Hanergy – жұқа панелді күн элементтерінің ірі өндірушісі. Hanergy компаниясының еншілес – Alta Devices, Solibro және MiaSole компаниялары шығарған панельдердің үш түрі – энергия тиімділігі бойынша әлемдік рекордты жаңартты. Бұлар: бірсегментті GaAs күн модулі, екі әйнекті CIGS күн модулі және иілгіш төсемді CIGS күн модулі. Олар энергияны түрлендіруде 25,1 пайыз, 18,72 пайыз және 17,88 пайыз рекордтық тиімділікке ие болды
Жаңа технология пилотсыз ұшу аппараттарына, күн энергиясымен жұмыс жасайтындарға, үй шатырының панелдеріне, транспорттық жаңа құралдарға және электрониканың әртүрлі салаларында қолданылады.
Компания өкілдерінің сөзінше, аталмыш технологияның қолданылу аясы кең. Сондықтан оны барлық инновациялық салаларда пайдалануы мүмкін.
Бұдан басқа, компания күн батареяларына арналған дрон шығарды. Ол қуаттаусыз, 6-10 сағат бойы ауада ұша алады.
China Daily басылымның жазуынша, алдағы үш жылда Қытайдағы күн панелдерінің нарығы 15,1 млрд долларға дейін артады деп күтіледі. Ал бұл ҚХР экономикасының дамуына қосымша түрткі болады.