Қытайлар шөлейттенуге қарсы қалай күреседі
Қытайлар шөлейттенуге қарсы қалай күреседі
6 жыл бұрын 4499 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі шөл далада жүзім мен мүк өсіру арқылы шөлейттенуге қарсы тәжірибені сәтті жүзеге асырды. Осылайшща ендігі жерде елдің ауыл шаруашылығында осынау ғылыми әдісті ұдайы қолдануды ұйғарып отыр. Бұл тәсілді, әсіресе, топырағы құнарынан айырыла бастаған өңірлерде кеңінен қолдануды жөн көріп отыр. Қазіргі уақытта Тэнгэр шөлінде және Нинся-Хуэй дербес аймағында бұл тәсілді сынақтан өткізіп жатыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, бүгінгі таңда Қытай аумағының үштен біріне шөлге айналу қаупі төніп тұр. Егер аталған аумақ шөлге айналса, 400 млн-ға тарта адам өзге өлкелерге босып кетуі мүмкін. Жыл сайын Қытай аумағының 2100 шаршы шақырымы шөлге айналады екен. Құнарынан айырылған жер ауыл шаруашылығына жарамсыз болғандықтан ішкі көші-қоннан экологиялық босқындар легі әлеуметтік түйткіл тудырып отыр. Шалоту шөлейт бекетінің қызметкерлері мен жұмысшылары осы уақытқа дейін шамамен 350 гектар шөлейтті жерге жүзім өсіріп отыр. Ал аталған аймаққа көрші жатқан Чжунвэй қаласы шөлдің зардабынан құтылу үшін 600 гектар аумаққа жүзім егіп тастаған. Сондай-ақ, жүгері мен арпа өсіріп те шөлге қарсы қайран қылуда.

0 пікір
Мұрағат