Қытайдағы аралас неке және оның қазаққа әсері
Қытайдағы аралас неке және оның қазаққа әсері
9 жыл бұрын 6718
«Қытайлармен аз ұлттардың некелену үрдісі барған сайын өсіп келеді»

«Қытайда қытаймен некеленген басқа ұлттар 8 миллион 952 мың 100 адам болған» деп жазыпты қытайдағы қазақ сайтында. Енді, мақалаға көз жүгіртейік. 

Қытайлармен аз ұлттардың некелену үрдісі барған сайын үдеп келеді. 1950 жылдан бері 8 миллион 952 мың 100 адам болған. Мұның ішінде 81.59%-ы қытайлармен аралас некеленген. Ең жоғарысы орыс – 78,71%. гаушән, сібе – 58.11%, шүршіт – 41.94%, дағұр – 41.5%, жиңзу – 41.45%, мұңғұл – 37.49%, иүгу – 34.08, евенкі – 32.56% қатарлы ұлттар бар. Кейінгі қатарда жуаңзу – 12.66%, буизу – 14.86%, дұңзу – 15.16%, маунан – 18.44%, гіләу – 17.42% қатарлы ұлттар. Қытайлармен некеленуі біршама аз ұлтар: кәріс – 7.95%, дүңген – 11.85%, пурей (тибет, заңзу) – 6.49%, ұйғұр – 0.62%, мяузу – 14.02%, изу – 16.29%, яузу – 19.34%, байзу – 18.76%,тужя – 18.61%, хани – 9.08%, қазақ – 0.21%, дайзу – 13.49%, лизу – 12.78%, лису – 7.42%, уазу – 10.27%, тузу – 25.10%, қырғыз -1.05%, мұлау – 24.78%, чяңзу – 18.35%, булаң – 17.56%, сала – 1.14%, ачаң – 19.76%, пуми – 10.91%, тәжік – 6.11%, нузу – 5.66%, өзбек – 1.84%, дыаң – 8.77%, татар – 7.85%, дулұң – 27.28%.

Қарап отырсақ, Ислам дініне сенетін ұлттардың қытайлармен некеленуі салыстырмалы түрде алғанда төмен болған. Мысалы, дүңген – 11.85%, татар – 7.85%, тәжік – 6.11%, өзбек – 1.84%, сала – 1.14%, қырғыз – 1.05%, ұйғұр – 0.62%, қазақ – 0.21%. Бұл ислам дінінің құдіреті. Ал, жат дінге сенетіндер немесе әтейістердің қытайлармен оңай сіңісіп кететінін көруге болады. Мұның дәлелі орыс пен мұңғұл. Ал, Қытаймен некеге тұрған қазақтардың саны 0.21 %-ы – 3300 адам. Мұның басым көбі қытайдан қыз алғандар емес, қайта қытайға тигендер екенін айта кеткен жөн. Қарапайым мысал: 14-15 мың адамы бар ауылда қытайға тиген қыз саны кемі 10-ды құрайды (мен өскен ауылда дәл осындай еді. Қытайдан қыз алған бір жігіт бар болатын). Қытайдағы қазақтың шамамен 80%-дан артығы ауылдарда, 40%-ы мал шаруашылық аудандарында тұрады. Бұл өз кезегінде қытаймен некелесу үрдісін баяулатып тұрған кедергі. Қазақстанның ақпарат құралдарының айтуынша, 10 қазақ қызының бірі басқа ұлтқа тиеді екен. Бұл өте қауіпті жағдай! Америка мен Еуропаның басындағы іс басымызға келмесін! Олардың қыздары қара нәсілділердің талауына түскен!

Жоғарыда біз қытайдағы қазақ сайтының мәліметін бердік. Енді, осыған орай өзіміздің пайымымызды жеткізсек.

 

Бізге қауіп Қытайдан. Олар жезөкше қыздарға да зәру

Қытайлардың қыздарына үйленіп жатқан­дардың арасында қытайдағы ұлттардан гөрі қара нәсілділердің үлесі басым. Бір Гуаңжоу қаласында 300 мыңнан астам қытай қыздары негрлердің құшағында кеткен. Ал, Еуропада бұл сан әлде қайда артық. Себебі, негрлердің арманы ақ нәсілді не сары нәсілден қыз алу екені түрлі сайттарда айтылып жүр. Бұл мәселе Қытайды да алаңдатып отыр екен.

Қытайда 10 миллионға тарта мұңғұл­дардың қазір тек 30% ғана таза қанды мұңғұлдар. Тіпті, қытайдың шығыс солтүстігіндегі қытайлардың 70-80%-ы қытайланған мұңғұл тектілер деп те айтылып жүр. Бұларға 70% қытайланып кеткен шүршіттерді де қосып айта кету керек. Жақын болашақта осы ұлттарды қытайлар басы бүтін жұтып кетуі мүмкін. Ал, ұйғұр, қазақтарды әзірше діні мен салт-санасы сақтап тұр. Деседе, қытайда дін негізінен шектеліп, саясат ұлтты жұтудың жобасымен жұмыс жасап отырғанын есепке алсақ, олардың да басына ауыр күн туып келе жатыр.

Қытайдың 52% ер, 47% дан артығы әйел. Шетелдікке кетіп жатқаны тіпті көп. Шаңхайдың өзінде 8 қытай қыздың бірі жаттық болады. Сонда, 40 миллион қытай еркегі қайтеді? Әрине, бізге ауыз салады. Қытайда жылына 1 миллионнан астам бала жоғалады. Ішкі қытайдың көп аудандарында бұл қалыпты тұрмысқа айнала бастады. Тіпті, жас қыздарды ұрлап әкетіп, байлап әйел еткенін Қытай сайттарынан жиі көресіз. Олар сол қыздарды 1-2 бала тапқан соң, қалуға көнбесе не өлтіреді не қашып кетеді. Адамның көптігі мен тұрмыстың тақсыретінен олар үшін ақша табудың барлық жолы ашық. Айта берді, балаларды дәрі үшін сатып та баюда. Ал, бұған үкімет қауқарсыз. Сол себепті, Қытайлар шетелге кетуді армандайды. Қытайлар мен негрлер үшін шетелге барып ақ тәнді немесе сары тәнді қыздармен үйленіп, сол жерде қалу – ең үлкен бақыт. Ол үшін оларға кезігетін қыздар атақты жезөкше болса да бәрібір, бала тапса болды. Қаншалық бодау берсе де соған жетуге ұмтылады. Жуықтан бері Қытайлар Қазақстанға да ағыла бастады. Тіпті, олар тіл білмесе де, осы жерде қалу үшін кез келген әйелмен үйленуге дайын екендіктерін ашық айтуда, тек Қытайға қайтпаудың жолы болса болды. Қытай, Кәріс сынды жан саны көп ұлттар үшін, бұл қан алмастырып, ұлттың сапасын көтеретін, шетелге қоныс тебуіне көмектесетін пайдалы жағдай. Ал, жан саны аз ұлттар үшін трагедияға жетелейтін, ассимиляцияға ұрындыратын күрделі мәселе.

 

Аралас некенің қазақтарға әсері қандай болады?

Аралас неке жан саны көп ұлттар үшін үлкен пайдасы бар саясат. Қан алмасу, генді жаңарту, тұқымдық сұрыптаудан өтіп өзі ұнататын ұлттарға бейімделу, сіңу мен сіңіру – жан саны көп ұлттардың пайдасына шешіледі. Ал, біз сияқты саусақпен санарлық аз қазақ үшін қыз алсақ алайық, қыз беру ұлттық санымыз бен сапамызға, дініміз бен ділімізге кері әсер беретін жоғалту.

Қазақтар үшін Қазақстандағы аралас некелердің қазақ ұлтына пайдасы болар. Бұл жағдайда да қыз алысу жағы дұрысырақ. Кезіндегі орыстық саясаттың кесірінен алыстап кеткен татар, башқұрт, ноғай, құмық, қырғыз, қарақалпақ қатарлы діні де, тілі де, тегі мен салт-санасы да жақын ұлттармен құдандалы болу қазақтар үшін пайдалы жақтары көп, олардан келген келіндер қазақтарды өз ұлттарындай түсінісе алады. Бұл бір жағынан осы ұлттар арасындағы қарым-қатынасты көбейтіп, өзара түсіністікті арттырады, бір тұтастыққа жақындатады. Екінші жағынан осы туысқан ұлттарға тұрмысқа шыққан қыздарымыздан қайыр болады, үшінші жағынан, баяғыдай мұсылман болып қала береді. Шынын айтқанда, бұларды бір ұлт ретінде ұйыстырып әлемдік интеграция мен жаһандану барысында күш біріктіруге болады. Бұл ұлттардың барлығы бірін-бірі сіңіруді қалайды әрі кең көлемде ойлағанда бір ұлтпыз деп сезінеді. Ал, туысқан ұлттар арасында түркі мен әзербайжан сынды оғыз текті түріктерімен, өзбек, ұйғыр қатарлы қарлұқ текті түркілерінің саны қазақтардан көп болғандықтан, оларға кеткен қыздарымыздан көбінесе қайыр болмайды. Бір жағынан қазақтар қан тазалығы жағынан бұл ұлттарды ұната бермейді. Екінші жағынан, олардың жан саны көптігінен Қазақстандағы өз табақтарына ортақтасуынан қорқады және басып кетуі мүмкін. Үшінші жағынан, олар бізге бәсекелес ұлттар болып, олардың жалпыұлттық көзқарасын ұнатпайды. Тіпті, өткен жылы Түркия түріктеріне тұрмысқа шыққан орыс қыздардың саны 300 мыңнан асып, туылған балалардың саны 1 миллионнан асқан. Міне, орыстардың өзін сіңіре бастаған түріктерден сақтанғанымыз дұрыс. Тек мұсылмандығы болмаса. Парсы текті иран, тәжіктермен некелену өте аз кездеседі. Қыз алысуға болар, бірақ, қыз беруге қиындау. Қайыр болмайды, болса да Қазақстанда тұрса ғана қазақылануы мүмкін. Ал, алтай, хакас, мұңғұл қатарлы ұлттар діндік сенім жақтан басқа болғандықтан қыз беруге қиындау, десе де бұл ұлттар басқа ұлттарға тез сіңуге бейім болғандықтан Қазақстан ішінде бірден қазақыланып кетеді. Бір жағынан, алтай мен хакастар тек діні басқа болмаса тегі мен нәсілі қазақпен бірдей ұлттар. Бұл олардың қазақтарға сіңуіне себеп болады. Екінші жағынан, басқалардың отарында бодан болғандықтан және сандары аз болғандықтан, олар қазаққа бүйрегі бұрылып, жақын тартып тұрады және өздеріне қарата көмек дәметеді. Үшінші жағынан, бұл халықтар саясат пен қоғамдық көзқарас жағынан бейуаз халықтар болғандықтан сіңуге бейім. Қазақыландыруға оңай.

Россиядағы қазақтар жөнінен алғанда, орыстілді әйелмен некеленгендер негізінен 2 ұрпаққа барғаннан кейін ақ орыстанып кетеді. Ал, орысқа тигендер бірден орыстанады. Бұл Қазақстанда кері процесс ретінде қабылданады. Ал, Қазақстандағы кәріс, неміс қатарлы ұлттармен некелесу олардың қазаққа сіңуін тездетеді. Тұрмыс өресі жақсы батыс елдерінде қазақпен некелескендер негізінен Қазақстаннан барып оқып жатқан қыздардың есебінен көбеюде. Бұл бір жағынан Қазақстанның әлеуметтік жағдайының асқынуынан да өсіп отыр. Ол қыздарымыздың 98% қазаққа қайырым жасамайды, тіпті, қыздарымыз соларға қарап шетелді аңсай бастауы да ғажап емес. Ал, сол батыс елдерінен қыз алып үйленген жігіттеріміз Қазақстанға негізінен оралмайды. 2-3 ұрпағынан бастап соларға сіңіп кетеді. Бір қызығы, қазақтар өзбек, түрік, ұйғыр, тәжік, күрд сияқты ұлттардың қазақылануын қаламайды. Оларды ұлттың тәбиғи сапасын түсіреді деп есептейді. Себебі, олар туысқан арасында қыз алыса береді. Оның үстіне, бұл ұлттар қатты саудагер болғандықтан болса керек. Сондай-ақ, бұл халықтар оғыз тектілер мен қарлұқ тектілер. Қысқартып айтқанда, қазақ санын барынша көбейту керек. Міне, ұлтымыздың болашағына әсер етіп, тағдырымызды белгілейтін басты көрсеткіштердің бірі.

Бейсен Ахмет, журналист
«Ақиқат» журналы

0 пікір
Мұрағат