Қытайда зиянкестермен күресу үшін экологиялық таза пестицид әзірленді
Қытайда зиянкестермен күресу үшін экологиялық таза пестицид әзірленді
4 сағат бұрын 64 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғылым акадесиясының құрамындағы Хэфэй физика ғылымы институтының ғылыми қауымдастығы ауыл шаруашылығына залалын тигізетін зиянкес жәндіктермен тиімді күресуге мүмкіндік беретін экологиялық жағынан таза пестицид жасау жұмыстарын аяқтағанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар қолданыстағы әдеттегі пестицидтердің қолайсыздықтар мен залалын азайту немесе жою бағытында жұмыс істеген екен. Соның ішлінде пестицидті өсімдік жапырақтарына біркелкі бүркі мүмкін емес, жауын тамшыларынан тез шайылып кетеді, күн мәулесінен дегредацияғы ұшырайды. Ең бастысы – адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін экологиялық қатерін ескерген. Осындай олқылықтарды ескерген қытайдың білікті мамандары ауыл шаруашылығында жиі әрі кеңінен қолданылатын абамектиннің тасымалдаушысы ретінде калция карбонатының бөлшектерін пайдаоана отырып, иноовациялық әдісті ұсынып отыр. Аталмыш тәсіл әдеттегі пестицидтерге қарағанда зиянкес жәндіктерді жоюда әлдеқайда тиімді болып шықты. Жаңа пестицидтiң негiзгi артықшылықтарының бiрi - белсенді зат бөлiнгеннен кейiн пайда болған қалдық өнiмнiң қауiпсiз компоненттерге ыдырауында жатыр. Бұл экожүйенiң ластану қаупiн едәуiр төмендетедi.

0 пікір
Мұрағат