Қытайда ұшатын электромобил құрастырылады (видео)
Қытайда ұшатын электромобил құрастырылады (видео)
1 жыл бұрын 1699 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Guangzhou Automobile Group (GAC) компаниясы ұшатын элекромобил, яғни, электрмен жүретін көліктің ұшатын нұсқасын құрастыратынын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы Nikkei Asia мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ақпара көзінің хабарына қарағанда, GAC автоконцерні GOVE көлігінің концептуалды прототипін ұсынды, бұл тұжырымдама өздігінен жүретін платформаны жол жүруге арналған төрт доңғалақты шассимен және одан бөлек жолаушылар ұшқышсыз кабинамен біріктіреді. Құрылғы жерде және ауада автоматты түрде қозғалады және жолаушы оны қолмен басқара алмайды, есесіне монитормен және дауыспен басқару мүмкіндігі қарастырылған. Дауыспен барар бағытыңызды аңдай аласыз. Сөз орайы келгенле 2021 жылы әлемге әйгілі Tesla компаниясының бәсекелесі Xpeng (HT Aero компаниясының еншілес кәсіпорны) компаниясының ұшатын электромобил үлгісін жұртшылық назарына ұсынғанын айта кету керек. Оны 2024 жылы жаппай шығаруды жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат