Қытайда тік қонатын зымыранның прототипі сынақтан өткізілді (видео)
Қытайда тік қонатын зымыранның прототипі сынақтан өткізілді (видео)
2 жыл бұрын 1268 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл зымыранды бір емес, бірнеше мәрте пайдалануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы Global Times ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғылым академиясының өкілдері зымыран прототипінің мұхитқа тігінен қонуына қатысты сынақтың сәтті өткені туралы хабарлады. Аталмыш технология SpaceX зымыран тасығышының бірінші модулін қондыру үшін қолданылған технологияға ұқсас, Қытай өзінің қайта пайдалануға болатын зымырандарын құрастыру технологиясын ойлап тапты. Ұзындығы 2,1 м және диаметрі 0,5 м болатын зымыранның прототипі ұшырылған кезде салмағы 93 келі тартатын және екі қозғалтқышпен басқарылды, олардың әрқайсысының күші 550 Н болды. Зымыранның прототипі шамамен 1 шақырым биіктікке көтеріліп, бірқалыпты төмендеді, шамамен 10 минутқа созылған сынақ кезінде кері соққының көмегімен баяу қонды. Сынақ барысында инженерлер турбореактивті қозғалтқышты тік қонуға арналған сұйық отынды зымыран қозғалтқышын имитациялау үшін пайдаланды. Қытай ғылым академиясы өкілдерінің айтуынша, қону дәлдігі 10 метрден аз болған. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бұл жаңалық өз кезегінде ұлттық ғарыш технологиясының даму болашағына жол ашады. Теңізге қону технологиясы болашақ зымыран моделдерінде, соның ішінде «Лицзян-3» аса ауыр зымыран тасығыштарында кеңінен қолданылатын болады.

0 пікір
Мұрағат