Қытайда бейтаныс адамдар мен заттардан аулақ жүретін «қорқақ» робот ит құрастырылды (видео)
Қытайда бейтаныс адамдар мен заттардан аулақ жүретін «қорқақ» робот ит құрастырылды (видео)
2 ай бұрын 500 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Robopdog X30 бейтаныс адамдардан, басқа кездейсоқ заттар мен қауіптерден аулақ болуды үйренді. Deep Robotics компаниясының инженерлері бұл төрт аяқты роботтарға апат аймағында адамдарды құтқару миссияларына қатысқан кезде өз міндеттерін жақсырақ орындауға көмектеседі, дейді. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың айтуынша, «жасанды қорқыныш» адамдар тарапынан төнетін немесе апат орын алған аймақта құтқару операциясы кезінде немесе объектілерді қорғау кезінде қозғалатын объектілермен байланысты қауіптерді ерте анықтау үшін қажет. Видеодан адам қай жағынан келсе де (мейлі ту сыртнан ұрлана басып, көрінбей, мысықтабандап, дыбысын шығармай, білдіртпей келсе де) робот ит байқап, одан аулық кететінін көреміз. Осы орайда 2017 жылы Қытайдың Ханжоу қаласында негізі қаланған Deep Robotics компаниясы алғашқы роботтарын баспалдақпен көмексіз көтеріле алатын роботтан жасаудан бастағынан айта кетпекпіз. Бүгінде компания кез келген тапсырмаларды орындай алатын түрлі гуманоид және робот иттерді құрастырып шығарады. Төрт аяқты робот X30-ның айрықша ерекшелігі – Целсия бойынша -20°C-ден 55°C-қа дейінгі температурада, яғни, төтенше жағдайларда жұмыс істеу алады. Сонымен қатар, құрылғы ылғалдан қорғау жүйесімен жабдықталған, яғни, робот су өткізбейтін материалмен ққапталған. Робот ит 45°С-қа дейінгі көлбеу бұрышы бар өнеркәсіптік баспалдақпен көтеріле алады, сыртқы жарық көздеріне тәуелді емес және қараңғыда өз бетінше, дербес қозғала алады.

0 пікір
Мұрағат