Қытай картасынан шөл дала жоғалды (видео)
Қытай картасынан шөл дала жоғалды (видео)
5 жыл бұрын 4074 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың солтүстік-батысында орын тепкен  Шэньси провинциясына қарасты, аталған ел аумағындағы ең ірі төрт шөлдің бірінен саналатын Му-Ус ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан шөл жасыл желекке айналды. Дәлірегі, көсенің иегіндей жып-жылмағай, бұдыры болғанымен бір қылтанағы жоқ қу медиен шөл даланың 93,24%-ы жасыл желек жамылған бүгінде. Жалпы ауданы 42 200 шаршы шақырымды алып жатқан аумақ ауыл шаруашылығына жарамайтындықтан иесіз жатқан болатын. Көз аштырмайтын құм суырған дауылы мен боранынан аймақтың шетінде орын тепкен Юйлинь қаласы оңтүстікке қарай үш мәрте жылжуына тура келген еді. 1959 жылы жергілікті тұрғындар құм көшкінінің бетін қайтару үшін жаппай ағаш отырғыза бастады әрі бұл игі істі әдетке айналдырды. Талай жылға созылған талпыныс өз жемісін беріп, жасыл желек жамылған аумақты солтүстікке қарай 400 шақырымға дейін ұлғайтуға қол жеткізді. Шэньси провинциясының орман-то,ай бюросының жетекшісі Дан Шуанжэнь ендігі жерде 30 гектарға тарта құм басқан өңірді де жасыл желекке айналдыруға бел байлап отырғандарын жеткізді. 1950 жылдары Юйлинь қаласындағы орман-тоғай аумағы бар-жоғы 0,9%-ды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 33%-ға жеткен. Падемияға байланысты онсыз да көп уақытын жоғалтқан жергілікті тұрғындар мамыр айының соңына дейін 400 гектар аумаққа ағаш отырғызуды көздеп отыр. Шөлден жасыл желекке айналған аймақтың әлеуеті де көтеріліп, бүгінде 1000-нан аса астық алатын деңгейге жеткен. Бұрын бұл көрсеткіш бері алғанда 100, ары алғанда 150 келіден артық астықты құраған болатын. Бұрын жергілікті тұрғындардың жан басына шаққанда табыс 200-300 юаннан аспаса, бүгінде бұл көрсеткіш 30 мың юанға (4200 долларға) жетіп отыр. Бұл жайында жергілікті Шилиш, Диньбянь елді-мекендерінің партком хатшысы Ши Гуаньинь.

0 пікір
Мұрағат