Қытай іске асуы мүмкін емес өзгеше жобаға иек арта бастады (видео)
Қытай іске асуы мүмкін  емес өзгеше жобаға иек арта бастады (видео)
2 сағат бұрын 30 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай болашаққа арналған ұшақты тұжырымдамасын әзірледі: ол әуеде апатқа ұшыраған басқа ұшақтарды құтқара алады. Бұл жайында islam.kz порталы Іnstagram әлеуметтік желісіндегі astrox.physics аккаунтындағы жазбаға сілтеме жасай отырып мәлім етеді.Бұл тұжырымдамада ақауы бар ұшақтарды құтқаруға арналған ұшақ турасында сөз болып отыр – әуеде қандай да бір себептермен апатты жағдайда қалған ұшақтың жерге аман-есен оралуына көмектесетін ірі тасымалдаушы ұшақ қарастырылған — бұл жолаушыларды құтқаруға және апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық Қытайдың авиациялық технологиядағы тез ілгерілеуін және келесі деңгейдегі қауіпсіздікке мейлінше ден қойғанын көрсетеді. Десе де сарапшылар мен интернет қолданушылары мұндай тұжырымдаманың тиімділігіне күмәнмен қарайды. Олардың айтуынша, өзі отқа оранған ұшақтың жалыны құтқарушы ұшақты да шарпымай ма, турбуленттік жағдайда құтқарушы ұшақтың өзі апатқа ұшырау қатері артпай ма, деген сауалдар арқылы жобаның шикілігін алға тартып отыр. Дегенмен, әуеде апатқа ұшыраған жолаушыларды құтқарудың әлі күнге толық қауіпсіз әдісі табылмағанын айта кетпекпіз. Қытай ғалымдарының бұл тұжырымдамасы тек бұл тараптағы тығырықтан шығудың бір талпынысы деуге болады. 

0 пікір
Мұрағат