Қыста жылуды сақтайтын ақылды мата жасалды
Қыста жылуды сақтайтын ақылды мата жасалды
20 сағат бұрын 294 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: phys.org

Халықаралық ғалымдар тобы жылуды тиімді ұстайтын киім үлгісін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Composites and Hybrid Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар талшығына нанобөлшектер кіріктірілген ақылды мата ойлап тапты. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында мұндай материалдың қыстың көзі қырауда жылуды тиімді жолмен жинап, сақтай алатынын көрсетті. Бұл айрықша матаның металл немесе керамика элементтері бар жылу ұстайтын өзге киімдерден экологиялық жағынан тиімді екенін алға тартып отыр. Инженерлер полимерлі талшыққа полианилин мен полидопаминнің нанобөлшектерін кіріктірудің жолын тапқан екен. Нанобөлшектер күн сәулесінен белсенді қалыпқа еніп, жылуды аулайды әрі сақтайды. 10 минут күн астында болған кезде мата 30 градусқа дейін қызуы мүмкін. Бұдан бөлек, ерекше мата икемді әрі ұзақ уақытқа жарайды. Ол өзінің бастапқы көлемінен бес есе артық көлемге дейін созыла алады әрі екі жүз рет жуғанша қасиетін сақтап тозбайды.

0 пікір
Мұрағат