Қылмысты болжай алатын жасанды зерде технологиясы пайда болды
|
Оңтүстік Корея ғалымдары қылмысты болжай алатын жасанды зерде (AI) моделін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Tech Xplore ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елінің электроника және телекоммуникацияны зерттеу институты (ETRI) іске қосқан модел нақты уақыт режимінде (аралығында) бейнежазбаларды талдауға және қылмыс қаупін бағалауға қабілетті. Бірегей жүйе ертеректегі бейне жазбаларды, мінез-құлық факторларының жиынтығын және статистикалық мәліметті сараптамадан өткізеді. Ғалымдар Dejaview деп атайтын технология көптеген факторларды бағалау арқылы қылмыс деңгейін болжауға қабілетті келеді. Сондай-ақ, қоғамдық орындардағы адамдардың мінез-құлқын қылмыскерлердің мінез-құлқымен салыстыра отырып талдайды. Dejaview, сонымен қатар, теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтардың түрлерін ажырата алады. Сарапшылардың айтуынша, модел тестілеу кезінде 82 пайыздан астам дәлдікпен бірнеше қылмысты болжаған. Моделдің екінші ерекшелігі белгілі бір адамның әрекетін бақылау мүмкіндігінде жатыр - қылмыстың алдын алуға көмектеседі. Өзгеше жүйе адамның мінез-құлқын терең талдау үшін бақылай алады. ETRI өкілдерінің айтуынша, олар 2025 жылдың соңына таман Dejaview-тің коммерциялық нұсқасын шығаруды көздеп отыр.
Ұқсас материал:
"Қылмысты бір апта бұрын болжайтын алгоритм пайда болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/qylmysty-bir-apta-buryn-boljaityn-algoritm-paida-boldy-17065/#gsc.tab=0)