Құс тәрізді ұшқышсыз ұшу аппараты құрастырылды (видео)
Құс тәрізді ұшқышсыз ұшу аппараты құрастырылды (видео)
3 ай бұрын 896 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай әскери-теңіз күштерінің «Теңіз айдаһары»  деп аталатын арнайы бөлімшесі өз миссияларында әдеттен тыс ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланады. Яғни, нағыз құстарға ұқсайтын дрондарды. Бұл жайында islam.kz порталы the warzone ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, көгершіндерге немесе қарғаларға ұқсайтын моделдер бар. Оларды барлау немесе жасырын шабуылдар үшін пайдалануға болады. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары  технологияның мүмкіндігін танытатын видеомен бөліскен екен. Бейнебаянға қарағанда, құстар тәрізді дрондардың көлемі түрліше: кептер немесе торғай тұрқындай дрондар да кездеседі, қарға немесе сұңқар болып көрінуі мүмкін. Олар қолмен ұшырылады, яғни, қағаз ұшақ сияқты. Дрон әуеге көтерілгеннен кейін қанаттарын қағады. Сарапшылардың пайымдауынша, «Теңіз айдаһары» робот құстарды түрлі мақсатта пайдалануы мүмкін. Мысалы, құс тәрізді дрондары жау күштерін бақылап, камикадзе шабуылдарын да жасай алады. Мұндай дронның «табиғи» көрінісіне байланысты оны анықтау мүмкіндігі төмен. Қытайдың құстар тәрізді ұшқышсыз ұшақтары бір немесе бірнеше бейнекамераны, байланыс құралдарын, микро оқтұмсықтарды және басқа пайдалы жүктерді тасымалдай алады. Құстарға ұқсайтын және қанаттарын қағып ұшатын дрондарды орнитоптер деп атайды. Қытай бұл технологиямен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осылайша, 2022 жылы Бейханг университетінің жергілікті инженерлері әлемдік рекорд орнатты - олардың робот-құсы ең ұзақ, атап айтқанда 1 сағат 30 минут 4,98 секундта ұша алған.

 

0 пікір
Мұрағат