Құрғақшылықпен күресудің тың тәсілі – күн көзін көлегейлеу
|
Оңтүстік Африка ғалымдары кейінгі жылдары жаһандық жылынуға мен оның салдарынан орын алып отырған климат өзгерісіне байланысты қалыпты құбылысқа айналып келе жатқан, адамзаттың азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұрған құрғақшылықты еңсерудің тың тәсілін ұсынып отыр. Дәлірегі, күннің сәулесін шағылыстыратын ұсақ бөлшектерді атмосфераның жоғарғы қабатына шашуды ұсынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы comments.ua ақпарат көзіне және аталмыш зерттеу материалы жарияланған Environmental Research Letters мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кейптаун университеті ғалымдарының мәлімдемесінде айтылғандай, атмосфераның жоғарғы қабатындағы ұсақ тозаңдар арқылы күн сәулесін шағылыстыру арқылы күн көзін көлегейлеу Кейптаун қаласындағы құрғақшылық деңгейін 90 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Африкалық ғалымдардың бұл бағыттағы зерттеу қорытынысына сүйеніп жасаған мәлімдемесінде құрғақшылықпен күресуде «күн сәулесін басқаруға» мүмкіндік беретін геоинженерияның әлеуетін жоғары бағалап отыр. Ғалымдардың айтуынша, атмосфераның жоғарғы қабатында шағылыстырушы аэрозолмен күн радиациясын сәл де болса бұғаттау өз кезегінде жаһандық жылынудың қарқынын айтырлықтай тежеугі септігін тигізеді, дәлірегі, ғаламдық жылыну температурасын 2 ° C-тан асырмауға мүмкіндік бермек. Алайда, ғалымдар бұл тәсілдің қолдану шегі бар екенін ескертіп отыр, өйткені ол тек парниктік газдардың әсерін жасырады, бірақ, мұхиттың қышқылдануын қайтара алмайды.
Ұқсас материал:
«2019 жылы жерді салқындату тәжірибесі қолға алынады жаһандық жылынуға қарсы» (https://islam.kz/kk/news/gylym/2019-jyly-jerdi-salqyndatu-tajiribesi-qolga-alynady-jahandyq-jylynuga-qarsy-11126/#gsc.tab=0)