ҚР БҒМ: Ата-аналардың жұмыстан кеш шығуы бала тәрбиесіне кері әсер етеді
ҚР БҒМ: Ата-аналардың жұмыстан кеш шығуы бала тәрбиесіне кері әсер етеді
8 жыл бұрын 3949 BNews.kz

Жұмыс берушілер еңбек кодексін қатаң сақтау керек. Ата-аналар балаға дұрыс тәрбие беру үшін сағат алтыдан кейін үйіне уақтылы қайқаны жөн. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. 

Үкімет отырысында Ерлан Сағадиев жұмыстың кесірінен көптеген ата-ана балаларына дұрыс тәрбие бере алмайтындығын айтты.

«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі мен жауапкершілігі төмендеп барады. Олар үнемі жұмыста болғандықтан, балаларына көңіл бөле алмайды. Мұндай мемлекеттік қызметшілер де аз емес. Жұмыс беруші ата-аналарды уақтылы үйге қайтарғаны жөн», - деді Ерлан Сағадиев.

Оның айтуынша, жұмыс беруші Еңбек кодексін мұқият орындау керек. Өйткені, ата-аналардың кешігуі – балаларының тәрбиесіне кері әсер етеді.

«Олардың кешігіп келгені үшін кейін балалары «жауап береді». Оның cалдары қиын. Ата-анасы жұмыстан ерте келіп, балаларының қал-жағдайын сұрап отырғаны дұрыс. Ол үшін Еңбек кодексін қатаң сақтау керек. Қазіргі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі осы болып отыр. Бақылауды мемлекеттік органдардан бастаймыз. Балаларды қадағаламасақ, түрлі жағдайдарға әкеп соғуы мүмкін», - деп баяндады министр.

Жұмыстан сұрана алмайтын ата-аналар мектеп, балабақшадағы жиналыстарға да келмейді екен.

«Қазір ата-аналардың 10-12%-ы ғана ата-аналар жиналысына қатысады. 11 жыл ішінде ата-аналардың 50%-ы мектепке де келмеген», - деді Е. Сағадиев.

0 пікір
Мұрағат