Қозғалтқышы бар доңғалақты шаңғы пайда болды (видео)
Қозғалтқышы бар доңғалақты шаңғы пайда болды (видео)
11 ай бұрын 1521 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Француздардың Skwheel стартапы Skwheel One моторлы шаңғысын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қос шаңғының әрқайсысында, яғни, сыңарында көміртекті талшық палубасы, алдыңғы және артқы бір-бір доңғалағы және 600 Вт хаб қозғалтқышы бар. Skwheel One пневматикалық жол талғамайтын доңғалақтармен жабдықталған, осылайша оны тас төселген және асфалтталмаған жолдарда пайдалануға мүмкіндік береді. Алдыңғы доңғалақтар бұрыла алады. Ұашықтан басқару пулті арқылы жылдамдығын арттыруға немесе тежеуге болады. Шаңғы сағатына 25 шақырымнан асырмайтын жылдамдық режимінде жұмыс істегенімен, пайдаланушы өзгеге және өзіне қауіпсіз аймақтарда бұл шектеуді алып тастай алады. Ең жоғары жылдамдық – сағатына 80 шақырым. Жаңа өнім электронды баяулату жүйесімен, апаттық және тұрақ тежегіштерімен жабдықталған. Құрылғының салмағы - 12,5 келі, ал аккумулятор заряды сағатына 25 шақырым жылдамдықпен кемінде 30 шақырым қашықтықты бағындыруға жетеді. Жаңа өнімді өндіріске енгізу үшін Indiegogo сайтында қаражат жинау науқаны басталды. Инвесторлар Skwheel One-ды 1,750  доллар депозит салып, ала алады, шаңғылардың бөлшек саудадағы бағасы - 2,625 доллар.

0 пікір
Мұрағат