Қоржынға сыйып кететін портативті операциялық бөлме жасалды (фото)
Қоржынға сыйып кететін портативті операциялық бөлме жасалды (фото)
2 жыл бұрын 1198 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

SurgiField жүйесін санаулы минут ішінде құруға болады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экономикасы сын көтермейтін елдер мен табиғи апат орын алған елдерде жарақат алған немесе шұғыл отаны қажет ететін науқастарға операцияны ашық далада жасауға тура келетін кездер аз емес. Бұл проблеманы шешу үшін ғалымдар SurgiField жүйесін ойлап тапты. Шағын және портативті операция жүйесін санаулы минут ішінде пациенттің денесіне орналастыруға олады. SurgiField жүйесін Массачусет технологиялық институтының (MIT) еншілес компаниясы - SurgiBox әзірлеген. Ол үш бөліктен тұрады: тығыздалған бір рет қолданылатын мөлдір пластик SurgiBubble, электрлік ауа сорғысы бар Smart Control Module (SCM) және қайта зарядталатын литий-ионды батарея. Барлық үш құрылғыны бір рюкзакта алып жүруге және бірнеше минутта жинауға болады. Дененің зақымдалған немесе қабынған жеріне алдын ала зарарсыздандырылған SurgiBubble қойылады. Оның төменгі жиектері науқастың терісіне іргелес, пішіні жинақтағы жиналмалы жақтаумен бекітілген. Қосылған SCM екі модулді қосатын шланг арқылы көпіршік ішіндегі ауа ағынын сақтайды - ауа SCM HEPA сүзгісі арқылы тазаланады.

Операционная SurgiField

0 пікір
Мұрағат