Қазақстанда жақын арада қандай мамандықтар жойылып кетеді
Қазақстанда жақын арада қандай мамандықтар жойылып кетеді
8 жыл бұрын 4638 bnews.kz

Қазақстанда адам жұмыс күшінің орнына жаңа технологиялар енгізіліп, көмір өндірісі саласы құрдымға кетуі мүмкін.

Осындай өзгеріс болуы мүмкін екенін брифингке келген ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.

“Бізде паравоз өндіріп жатқан өндіріс жоқ. Біздің өмірімізге компьютер қалай енді, солай хатшы-машинист деген мамандық та жоғалды. Алдағы уақытта көмір өндірісі бойынша да мамандар даярлау тоқтатылуы мүмкін. Қазір Европаның өзінде көптеген шахталар жоқ, есесіне жаңа энергетика көздері ашылып жатыр. Мен қазір немесе күні ертең деп айта алмаймын, бірақ шахта мәселесінің алдағы 20 жылдағы уақытта алдымыздан шығатыны анық. Сол себепті, көмір өндірісіне қатысты мамандар бойынша мәселеге осы бастан кірісуімізк керек”, – деді министр.

Оның айтуынша, қазір мамандықтар жоғалмайды, тек олардың орынын жаңа технологиялар алмастырады.

“Бұрын 10 адам істейтінді, қазір бір ғана адам атқара алады. Өйткені, бәрі компьютерлендірілген. Қазір жұмыс тобы құрылып, біз екі бағытта атқарып жатырмыз. Жыл соңында қай салалар бойынша жұмыс істейміз және қай салалар бойынша жұмысты тоқтатанымызды жариялаймыз. Тау-кен өндірісі бойынша жаңа технологиялар да енгізіледі”, – деді министр.

0 пікір
Мұрағат