Қауіпсіз деген биопластик құрамынан зиянды химикаттар анықталып жатыр
Қауіпсіз деген биопластик құрамынан зиянды химикаттар анықталып жатыр
4 жыл бұрын 3130 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Неміс ғалымдары биопластиктің кәдімгі пластиктен улылығы ағынан еш айырмашылығы оғын анықтап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. Германиядағы Гете атындағы университет мамандары қоршаған ортаға қауіпсіз саналатын биопластиктің химиялық құрамына қатысты аса ауқымды зерттеу жүргізіп көрген екен. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары кезінде биопластик өнімдерінің сусын құтысы, бір жолғы асхана аспаптары секілді 43 түрінің химиялық құрамы тексерілген. Нәтижесінде олардың көбісінің құрамында мыңдаған химикаттың бары белгілі болған. Дәлірегі, аталмыш зерттеуге атсалысқан Норвегияның ғылым мен технология жоғарғы оқу орнының Мартин Вагнер есімді маманының айтуынша, биопластик заттары мен бұйымдарының 80 пайызында адам денсаулығына қауіпті 1000-нан аса түрлі химикаттар табылған. Алайда, құрамында химикаттар көп биопластиктің тірі организмдерге нақты әсері әлі күнге дейін зерделенбегенін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат