Қашықтан жанасуға мүмкіндік беретін құрылғы жасалды
Қашықтан жанасуға мүмкіндік беретін құрылғы жасалды
2 жыл бұрын 1406 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея ғалымдары қашықтан жанасуға мүмкіндік беретін портативті құрылғыны жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Technewsspace ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл құрылғыны пайдалану үшін қолайлы қолыңызға кию керек, яғни, солақай болсаңыз, сол қолыңызға тағасыз). Құрылғыны тактилді сезім жіберетін, яғни, жанасқысы келетін адам мен тактилді сезімді қабылдайтын адам киеді. Аталмыш құрылғы пьезоэлектрлік элементке бекітілген шағын панель. Ол сұқ саусақтың фалангасына, яғни, бас жағына бекітіледі. Саусақ қандай да бір затқа тиген кезде сенсор сигнал шығарады, ал оны, яғни, сигналды қабылдаған кезде тактилді ақпарат қабылдағыштың пьезо элементі дірілдей бастайды және бұл сезімді басқа адамға жібереді. Бұл тарапта жүргізілген тәжірибе барысында мақта матасына, полиэфирге, спандекске тигенде пайда болатын тактикалық сезімдерді тіркеді. Сигналдар Bluetooth арқылы 15 м дейінгі қашықтыққа 1,55 мс кідіріспен жіберілді, жанасудан пайда болатын сезім 100 пайызға жуық дәл шықты.

0 пікір
Мұрағат