|
Қасапшы (фото)
|
Ер-азаматтар істейтін, тек ерлерге ғана тән болып келген жұмысты әйел адамдардың атқаруына тосырқап қарайтынымыз рас. Шариғат шәлісін жамылған әйел қолына кездік алып, осынау кәсіппен айналысса, салтанат сарайында шапан киген ешкіні көргендей тіптен айран-асыр қалатынымыз тағы бар. Міне, осындай кәсіппен жүріп жан бағатындардың қатарында мысырлық Рубайда Хұсни бар. Ол шариғат талаптарына сай сойылған малдың етін сатумен шұғылданады. Күйеуі осыдан он жыл бұрын сырқаттанып, төсекке таңылған болатын. Отбасын асырау үшін Рубайда қолына кездік алып, ет боршалауды үйренді. "Мен балаларымды да қасапшылыққа баулып жүрмін",- деген оның сөзін India Today ақпарат көзі келтірген екен.


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Обырға қарсы киллер жасушалардан арнайы жасақ пайда болады
■
Cмартфонмен басқарылатын, сағатына 31 шақырым жылдамдықпен қозғалатын, салмағы 10 грамм тартатын робот құс (видео)
■
Араб елі адам капиталынан айырылу қатерімен бетпе-бет келмек
■
Иран факторы: АҚШ ұстамдылығы басқаша қабылдануы мүмкін
■
Қап тауы елі Рамазанда ішімдік саудасына толық тыйым салады