Қант диабетінен зардап шегетіндердің 10 пайызы тәтті сусындар себебінен сусамыр дертіне шалдыққан
Қант диабетінен зардап шегетіндердің 10 пайызы тәтті сусындар себебінен сусамыр дертіне шалдыққан
13 сағат бұрын 185 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық және мексикалық ғалымдар «Global Dietary Database» халықаралық ынтымақтастықтың мұрындық болуымен әлемнің 184 еліне баға беріп, 2020 жылы қант қосылған тәтті сусындарды тұтыну есебінен 2-ші типтегі қант диабетіне екі млн адамның және жүрек-қан тамырлары ауруларына бір миллионнан аса адам шалдыққан деген қорытындыға келді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тафтс университетінің қызметкері Лаура Лара-Кастор (Laura Lara-Castor) әріптестерімен бірге қант қосылған сусындарды тұтынуға қатысты Global Dietary database (GDD) деректерін талдады: соның ішінде адамзаттың 87,1 пайызын құрайтын 118 елден 20 және одан жоғары жастағы 2,9 миллион адамға ұзын саны 450 сауалнама жүргізілген екен. Бұл тараптағы есеп нәтижесі көрсеткендей, 2020 жылы ересектер аптасына 248 граммнан 2,6 порция тұтынған — Оңтүстік Азияда бұл көрсеткіш 0,7-ден аспаса, Латын Америкасы мен Кариб аралдарында 7,3-ке дейін. Қант қосылған сусындарды тұтынуды бағалау деңгейі мен кардиометаболикалық аурулардың даму жиілігі алдыңғы мета-анализдер мен рандомизацияланған бақыланатын сынақ деректері бойынша адам жасына қарай түзетілген этиологиялық әсерлерді (тікелей және дене салмағының артуы арқылы) қамтитын салыстырмалы қауіп-қатерді бағалау үлгілеріне енгізілді. Осы моделдер арқылы 184 елдегі қант қосылған тәтті сусындардың адамның жасына, жынысына, білім деңгейіне және урбанизациясына (қоныстанған мекеніне) қарай ауруға шалдықтыратын үлесі бағаланды. Нтиәжесінде тәтті сусындардың кесірінен бүгінде осы аурудан зардап шегетіндердің жалпы санына шаққанда сусамыр дертіне шалдыққандар қарасы он пайыз болатыны, осы дерттен кейінгі орында саны жағынан жүрек-қан тамыр ауруларына ұшырағандар тұрғаны анықталды.

Частота новых случаев сахарного диабета второго типа, вызванных употреблением сахаросодержащих напитков

 

0 пікір
Мұрағат