Қант адамды өзіне тәуелді ете ме – зерттеу
Қант адамды өзіне тәуелді ете ме – зерттеу
2 жыл бұрын 1550 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адам жиі тұтынатын азықтардың біріне жататын қанттың өзіне тәуелді етуі мүмкін бе? Бұл сауалға жауап бермес бұрын ғалымдар тәуелділіктің күрделі сипатқа ие екенін алға тартады. Бұл жайында islam.kz порталы Cleveland Clinic ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Химиялық тәуелділік психобелсенді заттарға деген ырыққа көнбейтін ұмтылысымен сипатталады немесе айрықшаланады. Мұндай тәуелділік шектен тыс пайдалану немесе тұтыну, өзге есірткілік заттарға деген жоғары сезімталдық түрінде көрініс береді. Осы арада мұндай тәуелділіктің түп-тамыры есірткілік заттың өзінде емес, оған деген көзқараста, яғни, шектен тыс пайдалануда жатыр. Тәуелділіктің даму қаупі қандай да бір өзіне құмар ететін заттардың болуына байланысты ғана емес, сонымен қатар, адамның жеке басының ерекшеліктері мен қоршаған ортасына қарай қалыптасады. Ал қантқа келетін болсақ, кей зерттеулерде жануарлардың тәттіге химиялық тұрғыдан тәуелді болғаны анықталған, алайда, бұған қарап, қанттың химиялық тұрғыдан өзіне тәуелді етеді деген біржақты қорытынды жасамаған дұрыс. Дегенмен, қантқа тәуелділіктің психологиялық аспектісі басым – эмоциялық қажеттілігін өтеуде қантты шектен тыс тұтынады, жағымсыз сезімдердің бетін тәттімен қайтару талпынысы жатады. Адам өзіне жетіспеген позитивтің орнын тәттімен толтырғысы келеді. 

0 пікір
Мұрағат