Қан доноры болудың қауіпті жағы бар ма
Қан доноры болудың қауіпті жағы бар ма
5 жыл бұрын 3304 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы уақытта қан тапсыру әдеттегі көрініске айналған. Яғни, өз еркімен қан тапсыратын донорлар қарасы жылдан жылға артып келеді. Осылайша қайырымды іс жасағысы келетіндердің кейбіреуін қан доноры болудың денсаулыққа теріс әсері бар ма, жоқ па, деген сауал толғандырады. Жиі қан тапсыру адамның денсаулығына тигізер зиянды жағы бар есептейді. Олардың бұл пікірі негізсіз емес. Жиі қан тапсыруды, яғни, қан жоғалтуды өз кезегінде организмге қажетті қанның орны толғанша күш түсіретін салмақ ретінде қабылдайтындар бар. Бұған қоса, қанның ұюы артады деп санайтындар да жоқ емес. Осылардың бәрі жиналып келгенде тромбозға, оның арты инсультке ұрындырады деп қауіптенеді. Ал қан донорлығын жақтаушылардың айтуынша, қан тапсыру арқылы қан жасушалары жаңарады, бұл өз кезегінде денсаулыққа аса пайдалы. Десе де сарапшылардың дені жиі қан тапсырудың денсаулыққа еш зияны жоғын алға тартып отыр. Қан тапсырудағы жалғыз қатер – тамырға ине салынатындығында жатыр. Кей жағдайда ол тромбофлебитке ұрындыруы мүмкін. Ал дәрігерлер бұл дерт есірткіге тәуелділерде ғана кездесетінін көлденең тартып отыр. Оның үстіне, дәрігерлер қанның тек 10%*-ын ғана алады. Қан плазмасы 2-3 күнде қайта қалпына келеді, ал қан жасушаларына бір айдан аса уақыт кетпек.

0 пікір
Мұрағат