Қала тұрғындары көпқабатты зәулім үйлердің кесірінен жылдың 19 шуақты күнінен айырылған
|
Ғалымдар спутниктік деректерге сүйене отырып, тұрғындардың қалалық ортада күн сәулесіне қол жеткізуінің әлеуетті және нақты уақытын есептейтін модел құрастырды. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта Америка құрама штаттарының 1353 қаласындағы жергілікті бұлтты күндердіңжәне құрылыс сипаттамаларын талдады. Олардың тұрғындары бір жылда орта есеппен 121 күн күн сәулесінкқре алмайтыны белгілі болды. Қала тұрғындары орташа есеппен бұлтты күндердің көбеюіне байланысты 2448 сағат күн сәулесін көрмесе, қалған 448 сағаты көпқабатты үйлердің көлеңкесінде өтеді, яғни, осынша сағат зәулім ғимараттардың кесірінен күн сәулесін көре алмайды екен. күн сәулесі D дәрумені мен серотониннің түзілуіне ықпал етеді. Ал бұл дәрумен мен горман организмде тапшы болса, адамның иммундық жүйесі төмендеп, күйзеліске (депрессия) ұшырайды және басқа да ауытқылардан зардап шегетін болады.