Қажылардың жоғалу себептері анықталды
Қажылардың жоғалу себептері анықталды
9 жыл бұрын 6306 E-ISLAM

Сауд Арабиясы «әл-Харам» мешіті мен Мекке қаласының орталық ауданында қажылардың жиі жоғалу себептерін анықтады.

«Мекке» газеті осы мәселелерді зерттей келе, қажылардың қасиетті шаһарда жоғалып кетуіне байланысты себептерді жариялады.

1. Жастың ұлғаюы.

2. Тіл білмеу.

3. Жол картасын меңгермеу.

4. Қонақүй немесе орналасқан үйінің мекенжайы мен атауын білмеу.

5. Қажылар ісі бойынша өзіне қызмет етуші өкілдің аты-жөнін білмеу.

6. Көше және мөлтекаудан атауларын білмеу.

7. Жергілікті жағдаймен танысудағы немқұрайдылық.

8. Топтан бөлініп кету.

9. Қажыларға арналған білезікті шешіп тастау.

10. «әл-Харам» мешітіне бір жолмен келіп, өзге жолмен қайту.

«әл-Харам» мешіті өте үлкен. Оның айналасындағы көшелер мен жолдарда адасу оңай. Кей азаматтар қонақүйден өз еріктерімен жалғыз кетіп, топтан бөлінеді, мұның арты адасуға алып келеді» дейді түрік қажыларына жауапты қызметкер Ахмад Халяби.

Қазіргі уақытта Мекке муниципалитеті қажыларға қолайлылық тудыру үшін қала картасының ұғынықты үлгісін әзірлеу үстінде. 

0 пікір
Мұрағат