Қай ұрпақтың ғұмыры қысқа болады
Қай ұрпақтың ғұмыры қысқа болады
6 жыл бұрын 3298 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Дюка университетінің ғалымдары қай ұрпақтың өмір сүру ұзақтығы кемитінін анықтап білді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Х ұрпағының (38-45 жас аралығындағылар), Ү (27-37 жас аралығындағылар), сондай-ақ, ХХ ғасырдың орта шенінде дүниеге келгендер арасында өмір сүру ұзақтығы қысқаратын болады. Бұл жайында Science Daily ақпарат көзі хабар таратты. Ғалымдардың топшылауынша, 2008 жылы басталған әлемдік дағдарыс кезінде дүниеге келген Х және Ү (25-43 жас аралығындағылар) ұрпағы жұмыссыздық проблемасының олардың денсаулығына кері әсер еткенін алға тартуда. «Әлеуметтанушылар мен саясаткерлер жас ұрпақ арасында қаржыдан қысылып, иығына ауыр жүк түскенін біледі. Алайда, олардың арасында өлім-жітімнің көбейгеніне жете назар аударған емес»,- деді зерттеу авторлары. Ғалымдар мұндай тұжырымға 1990-2016 жылдар аралығында өмірге келгендердің денсаулығын бақылау әрі алдын алу орталығының келтірген мәліметтері мен дерегін талдай отырып, көз жеткізген. Сонымен қатар, әлеуметтанушалар Х ұрпағы мен миллениалдар (Уикипедия электронды анықтама бойынша 1981 жылдан кейін жаңа мың жылдық қарсаңында, цифрлы технология кеңінен тарала бастаған тұста өмірге келгендер) арасында өз-өзіне қол жұмсап, яғни, суицид жасап өлгендер мен есірткіден көз жұмғандар, сондай-ақ, кісі қолынан қаза тапқандар, ВИЧ/ЖИТС емі жоқ аурудан, туберкулезден, жол-көлік апатынан опат болғандар қарасы көп екенін көлденең тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат