Қай елдің жалақысы жоғары екені анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
|
Қай елде жалақы жоғары екені анықталды. Қазақстан нешінші орында?
|
«Школа Инвестора» сайты әлемдегі орташа жалақы рейтингісін жариялады.
157 елдің ішінде Қазақстан 86-шы орынға тұрақтаған.
Дереккөзінің мәліметінше, республикадағы орташа жалақы - 480 доллар. 2016 жылы бұл көрсеткіш 339 доллар болған екен.
Жалақысы ең көп ел - Швейцария. Бұл елдегі орташа жалақы 3855 доллар деп есептелген. Одан кейін Норвегия мен Люксембург, бұл екі елде жалақы мөлшері 3781 және 3565 доллар болған.
Ал жалақысы ең төмен ел Зимбабве екені анықталыпты. Ондағы орташа жалақы бар болғаны 21 доллар көрінеді.
Бұл рейтингте Ресей 69-шы орынға табан тіреген. Ресейде орташа жалақы 615 доллар мөлшерінде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Иран алғаш рет жасырын, реактивті жойғыш дронын ұшырды (видео)