|
Қағбадан 500 метр биіктегі намазды көрдіңіз бе? (фото)
|
Әлеуметтік желілерде Mecca’s Royal Clock Towerhotel мейманханасының ең жоғарғы қабатындағы құлшылық бөлмесіндегі намаз оқып жатқан мұсылмандардың суреті кең тарап кетті. 10 адамға арналған шағын бөлме Мекке қаласындағы ең ерекше намазхана саналады, деп хабарлайды AlArabiya. Араб халқында «Мусалла» деп аталатын құлшылық бөлмесі «Абрадж аль-Бейт» сағатты кешенінің жарты ай мұнарасы құрылымында, жер бетінен 600 метр және Қағбадан 500 метр биіктікте орналасқан. Құлшылық бөлмесі жарты ай құрылымындағы «Аллаһу Әкбар» жазбасының «Алиф» әрпінде орын тепкен. Әріп диаметрі – 23 метр. Мусалла осыншалықты биікте болғанына қарамастан, Қағбаға ең жақын намазхана деп бағаланады.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cингапур алаяқтарға дүре соғу жазасын заңдастырды және мұндай жаза қай елдерде бар
■
Түркі елі түрме инфрақұрылымын дамытып жатыр
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Мұсылман елі әлемде күріш импортынан келесі жылы бас тартуға ден қойған алғашқы мемлекетке айналады
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты