Путиннің өзі мақтан тұтқан қаһарлы қарудың видеосы пайда болды (видео)
|
Өткен аптада федералды жиналыста жасаған жолдауында Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин күллі жаһанға жария етіп, жар салған қаруы несімен ерекшеленеді немесе несімен қауіп төндіреді? Қашықтан басқарылатын, құрлықаралық суасты стратегиялық аппарат ядролық оқтұмсықпен жабдықталған. Бұл қарудың жаңа түрі мұхитты кесіп өтіп, діттеген нысанасын жермен-жексен ететін соққы бере алады. Бұл қару туралы алғашқы ақпарат 2015 жылы пайда болған еді – сол кезде аталмыш жобаға «Каньон» және «Статус-6» атауы берілген болатын. Мыңдаған шақырымды бағындыра алатын қарудың ұзындығы 24 метрге жете-қабыл, торпеда пішінді «Каньон» 4 пропеллерге ие, ол өз кезегінде жылдамдықты сағатына 185 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл суасты аппараты іске қосылғаннан кейін оператордың басқаруын қажет етпейді. Жолындағы кедергілерді еңсере алатын түрлі тетіктермен жабдықталған. Осы заманғы қадағалау жүйесімен оның ядролық қозғалтқышын оңай анықтауға болғанымен жылдамдығына байланысты оны ұстап үлгеру еш мүмкін емес. Ондағы термоядролық оқтұмсықтың қуаты 100 мегатонға жетеді.