Психологтар адам мінезінің оның танымдық қабілетіне әсер ететінін анықтады
Психологтар адам мінезінің оның танымдық қабілетіне әсер ететінін анықтады
1 жыл бұрын 1374 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Психологтер адам мінезі-құлқы мен оның дүниетанымы арасында байланыс барын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған neurosciencenews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың пайымдауынша, адам мінезі мен темпараментіне қарай әлеммен, дәлірегі, қоршаған ортамен байланысқа түседі. Адамның жеке басының қасиеттері мен оның дүниетанымы арасындағы байланысқа қатысты ғалымдар 1300-ден аса мета-талдау жүргізіп, әлемнің елуден аса елінен мәдениеті мен демографиялық тобы әрқилы 2 млн-нан аса адамды қадағалаған. Ғалымдар қарапайымдылықтан пен кішіпейілділіктен бастап, ымырашылдыққа дейінгі ондаған тұлғалық қасиеттердің когнитивтік қабілетпен өзара байланысын мұқият қарастырды. Бұл тараптағы зерттеуге атсалысқан Теңіз Үнес есімді профессордың айтуынша, адам өзін таныған жағдайда өзінің бойында бұғып жатқан қарым-қабілеті мен әлеуетін ашып, шығармашылық деңгейге көтеріледі.

0 пікір
Мұрағат