Порноға тәуелділер қарасы рекордтық деңгейге жеткен
Порноға тәуелділер қарасы рекордтық деңгейге жеткен
1 жыл бұрын 935 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда психолог көмегіне жүгінген порноға тәуелділердің қарасы рекордтық деңгейге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы The Sun ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы статистикалық дерек бойынша Ұлыбританияға құмарлықтың бұл түрінен зардап шегетіндер саны бір жыл ішінде 25 пайызға артып кеткен. Бір ғана Шотландияда осынау азғындықтан құтылғысы келетіндер қарасы 584 адамнан 1582 адамға дейін, яғни, 170 пайызға өскен. Ал Англияда бұл көрсеткіш 15 пайызға – 8506 адамнан 9840 адамға дейін. Уэльсте – 267 адамнан 339 адамға дейін артқан. Солтүстік Ирландияда 66 пайызға – 168 адамнан 280 адамға дейін өскен. Тәуелділіктен емдеу жөніндегі британ қоғамының жетекшісі Нуно Албукеркенің айтуынша, мұндай тенденция COVID-19 пандемиясы кезіндегі карантиндік шектеулерге байланысты белең алған. Қашықтан жұмыс істеуге көшкен адамдар интернетте порно көруді дағдыға айналдырған.

0 пікір
Мұрағат