Пойыз қозғалысы кезінде футуристік вагондар бүкіл ел аумағында ауаны тазартады
Пойыз қозғалысы кезінде футуристік вагондар бүкіл ел аумағында ауаны тазартады
2 жыл бұрын 2162 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

CO2 Rail зерттеушілері Торонто университетінің ғалымдарымен қолданыстағы теміржол желісіне қосылып, атмосферадан көміртекті жинай алатын пойыз жасау үшін серіктестік құрды. Бұл жайында islam.kz порталы eurekalert.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Америкалық теміржол стартапы CO2 Rail ауадан көміртекті аулайтын немесе жинайтын пойыз вагонын жасап шығарды. Жоспарға сәйкес, модификацияланған вагондар елді аралап өтіп, СО₂ шығаратын ірі қондырғылардың қажеттілігін жоққа шығарады, делінген баспасөз хабарламасында. Ғалымдар бұл тарапта пойыз жоғары жылдамдықпен қозғалған кезде ауаның кіруіне мүмкіндік беретін үлкен желдеткіштері бар арнайы жасалған вагондарды пайдалануды жоспарлап отыр. Аталмыш жүйе пойыздың қозғалысы кезінде жұмыс істейді, сондықтан әдетте бекітілген тікелей көміртекті аулау жүйелерінде орнатылатын желдеткіштердің қажеті жоқ. Бұл көп энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Футуристік пойыздың вагондары көмірқышқыл газын жинайтын камералармен жабдықталады, содан кейін ол шоғырланып, сұйық цистернада сақталады. Құрамында көмірқышқыл газы жоқ ауа ерекше вагонның артқы жағынан немесе астынан атмосфераға қайта шығарылады.

0 пікір
Мұрағат