Пірәдар «бедеуліктің» бір себебін айтты
Пірәдар «бедеуліктің» бір себебін айтты
3 жыл бұрын 2767 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Рязан митрополиті Марк әйелдердің бала көтере алмауының бір себебіне тоқталды. Орыс православ шіркеуі өкілінің айтуынша, теледидар қарау көп отбасының перзент сүюіне кедергі келтіреді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде URA.RU дерек көзінің Telegram-арнасындағы жарияланыма жөн сілтеген lenta.ru ақпарат өзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Священниктің сөзіне сенсек, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз жаңалықтар адамды күйзеліске итермелейді. Осылай деп мәлімдеген ол өмірден нақты мысал келтірді: «Тұрмыс құрған танысымның қызы бала көтере алмады. Себебі ойламаған нәрседе болып шықты. Оның әкесі священникке келіп мұңын шаққанда оған қызына теледидарды аз қарасын, сонда бала көтереді, деп кеңес береді». Ақыл сұрай келген танысының қызы священниктің кеңесіне құлақ асып, теледидар қарауды қойған, қазір үш баланың анасы атанған

0 пікір
Мұрағат