Палма майы қатерлі ісік тудыратын болып шықты
Палма майы қатерлі ісік тудыратын болып шықты
3 жыл бұрын 1132 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық және испан ғалымдары палма майының құрамында қатерлі ісіктің пайда болуы мен таралуына (метастаз) бастайтын май қышқылының барын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымы мен MedicalXpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамандардың келтірген дерегіне қарағанда, онкологиялық ауруға шалдыққан науқастардың дені метастаздан (қатерлі ісіктің организмде жайылуынан, яғни, өатерлі ісік жасушаларының көрші сау жасушалар мен тіндерді зақымдайтынынан) көз жұмады, дәлірегі, обыр дертінен зардап шегетін пацменттердің 90%-ға жуығы осы метастаздың кесірінен қайтыс болып жатады. Испания астанасы Барселона қаласында орын тепкен ғылым және технология институтының мамандары мен америкалық ғалымдар палма майының құрамындағы палмитиндік қышқылдың тәжірибедегі тышқанның тері обырын және ауыз қуысындағы қатерлі ісіктің пайда болуы мен өршуіне жол ашқанын алға тартып отыр. Палмитиндік қышқылды қабылдаған кеміргіштердің организімінде қатерлі ісік тез қалыптасқан әрі ұзақ мерзімге қатерлі ісік геніне әсерін тигізген. Палмитиндік қышқылдың қатерлі ісікке әсері метастаз процесінде де тоқтамаған. Палма майын тұтынуды доғарса да.

0 пікір
Мұрағат