Пәкістанның қарулы күштері туралы аз-кем дерек
Пәкістанның қарулы күштері туралы аз-кем дерек
3 жыл бұрын 3645 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның қарулы күштері сыртқа айбын ғана емес, сонымен қатар, ел ішінде де кеңінен танымал әскери құрылым. Өйткені, пәкістандық сарбаздар тек шекараны қырағылықпен күзетіп, мемлекетік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге, кез келген төтенше жағдайда апат (зілзала, тасқын-сел, табиғи және техногендік апаттар) орын алған жерден дер кезінде табыла біледі. Бұл жайында islam.kz порталы интернеттегі ашық дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пәкістан тек жаппай қырып-жоятын ядролық қаруға ие әлемдегі санаулы елдердің бірі әрі мықты әскерімен де аты шыққан ел. Пәкістан әскері қуаты жағынан әлемде 13-ші орында тұр. Business Insider түзген рейтингіге сәйкес әлемнің ең мықты деген 25 армияға ие мемлекеттер арасында 13-ші орыннан көрінген. Ал қарулы күштер сапындағы сарбаздар саны бойынша әлемде 17-ші орынға табан тіреген. Экономикасы да, ресурсы шектеулі болса да қорғаныс саласында елеулі жетістікке жеткен. Business Insider рейтингісінде Пәкістан қарулы күштерінің әлеуеті мұсылман елдері бойынша Түркия мен Мысырдан кейінгі орында тұрса да Пәкістанның ең басты артықшылығы – ядролық арсеналға ие болуында жатыр. Бұдан бөлек, мұсылман елдері бойынша қарулы күштер сапында әйелдер қарасы ең көп Пәкістанның қорғаныс саласына 1947 жылдан бастап әйелдер тартылғанын айта кету керек. Олардың рөлі тек әскери медициналықнемесе инженерлік салалармен шектеліп қалмағанын да айта кеткен жөн. Дәлірегі, 2002 жылы Пәкістан қарулы күштерінде тұңғыш рет алғашқы генерал әйел пайда болды: Шахида Мәлік есімді әйел. Пәкістанның әскери әуе күштері де әлемде 10-шы орынға жайғасқан. Мыңға тарта ұшағы бар өзге әскери әлеуетін есепке алмағанда. Пәкістан армиясында ешуақытта өз-өзіне қол жұмсау (суицид) оқиғасы болған емес. Бұл тараптағы көрсеткіш - 0%. Бұл Пәкістан сарбаздарының қандай да бір қиындықта еңсере алатын, ашық майданда жаудың бетін қайтаруға қабілетті ел екенін көрсететін психологиялық фактор.

0 пікір
Мұрағат