Туберкулезге шалдықпас үшін нені ескеру қажет?
Туберкулезге шалдықпас үшін нені ескеру қажет?
5 жыл бұрын 3963 bag.kz

Қазақстанда соңғы жылдары туберкулез ауруына шалдыққандар санының төмендеуі байқалады. 

Қатерлі аурумен және оның алдын алумен күресте жоспарлы иммундауды жүзеге асырудың көпжылдық тәжірибесі зор әсер етті.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының аса қауіпті, трансмиссивті және зоонозды инфекцияларға мониторинг және талдау жасау бөлімінің басшысы Әсем Күмісбаева 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда, аурушаңдық деңгейі 7,8%-ға төмендегенін хабарлады.  

Маман туберкулез індеті өте өзекті және ерекше назарды қажет ететіндігін атап өтті, өйткені әлеуметтік сипаттағы бірқатар мәселені шешуде кешенді тәсілді талап етеді.

Аурушаңдық деңгейі тұрғын үй, өндірістегі еңбек жағдайларына, халықтың материалдық әлеуетіне, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайына, әркімнің салауатты өмір салтын сақтауына тікелей байланысты, - деді ол.

Сонымен қатар, маман Қазақстанда өкінішке қарай туберкулезден еңбекке қабілетті жастағы адамдар қайтыс болатындығын да атап өтті.

Бұл микобактерияның вируленттілігінің артқанын және экзогенді инфекция әсерінің айқындылығын көрсетеді. Екінші себеп ата-аналардың туберкулезге қарсы профилактикалық екпелердің маңыздылығын дұрыс бағаламауы болып табылады, - деді бөлім басшысы. 

Ол балалар арасында аурушаңдық деңгейі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және еліміздің 10 облысында өскені байқалып отырғанын атап өтті. 

Сонымен қатар, маман балалардың туберкулез аурушаңдығының өсуі республика бойынша қолайсыз эпидемиялық жағдайды сипаттайтынын айта кетті.      

Туберкулез қоздырғыштары - микобактериялар. Инфекцияның көзі туберкулезбен ауыратын адам, сондай-ақ осы аурумен зақымданған ірі қара мал болып табылады. Науқас туберкулез таяқшаларын жөтелгенде, түшкіргенде, сілекеймен, қақырықпен, түкірікпен сыртқы ортаға бөледі. Дені сау адамдар туберкулезді жұқтыруы науқастың сілекей тамшылары мен қақырығы бар ауаны, сондай-ақ туберкулез таяқшасымен ұрықтанған шаң бөлшектерін жұтқан кезде болады. Сондай-ақ, туберкулез ауруымен ауыратын сиырлардан шикі сүтін ішкенде жұғуы мүмкін, - деп хабарлады маман.

Әсем Құмысбаеваның айтуынша, бұл ауру кез келген органда – өкпеде, бүйректе, ішекте, сүйекте және буындарда, ми қабықтарында дами алады. Бірақ жиі тыныс алу органдары зақымданады. Бір адамда туберкулез қатты, жоғары температурамен, жөтелмен және қақырықпен өтеді. Басқаларында - әлсіздікпен, шаршағандықпен, 37,0º - 37,5º жоғары емес температурамен, шамалы жөтелумен қатар жүреді.

Маман қауіп-қатер тобына алкогольді шектен тыс пайдаланатын, темекі шегетін және бас бостандығынан айыру мекемелерінен оралған адамдар кіретінін айтты.

Әсем Күмісбаеваның айтуынша, әр науқасты емдеуге көп қаражат кетеді.

Неліктен дәрігерлер емдеу, салауатты өмір салтын жүргізу қажеттігіне сендіруі керек, неліктен науқас өз денсаулығына алаңдамайды? Әркімнің денсаулығы -о  өз қолында екендігін ұмытпау керек, - дейді ол.

Туберкулезбен ауыратын науқастар ұзақ уақыт бойы үздіксіз емдеуге жатады. Емдеу ұзақтығы аурудың түріне байланысты төрт айдан бір жылға дейін және одан да көп болады. Демек, емдеу тиімділігіне ерте диагностикалау және уақтылы басталған ем алу өте маңызды.

Туберкулезбен ауыратындардың арасында жұмыс істемейтін халықтың айтарлықтай үлесі бар – бұл біздің заманымыздың проблемаларының бірі. Осы адамдардың көпшілігі бірнеше ай бойы ем ала бастап, өз еркімен стационардан кетеді. Бұл қадам емдеу шараларының тиімсіздігі және аурудың тез дамуына әсер етеді. Осы жағдайда қандай сауығу туралы әңгіме болуы мүмкін? Емін толық алмай, стационардан кетіп қалған науқас өте қауіпті. Бірінші кезекте жақын туыстары мен таныстары зардап шегеді, байланыста болған адамдардың науқастануы әдеттегіге қарағанда 3-4 есе жоғары болады, - деді бөлім басшысы.

Сөз соңында, Әсем Күмісбаева аурудың алдын алу әдістері туралы әңгімеледі.

Егер сіздің ортаңызда-туыстарыңыз, достарыңыз немесе әріптестеріңіздің арасында туберкулез ауыруының белгілері болса, оған дәрігерге қаралуға кеңес беріңіз. Өкпе туберкулезін дер кезінде анықтау мақсатында барлық ересек тұрғындар мен жасөспірімдер жыл сайын флюорографиялық әдіспен тексерілуі тиіс, балаларда Манту сынамасы жүргізіледі. Туберкулез - қауіпті, бірақ емделетін ауру. Дер кезінде дәрігерге қаралып, емделген адам сырқаттың ауыр зардаптардан құтыла алады, - деді ол.

Сондай-ақ, маман ағзаңыздың қорғаныс күшін әлсірететін жағдайлардан аулақ болу керектігін, жақсы және толыққанды тамақтанып, спортпен шұғылданып, темекі шекпеуге және алкогольді шамадан тыс пайдаланбауға, өзіңіз туратын бөлмені жиі желдетіп, таза ұстауға кеңес береді.

Әсем Күмісбаеваның айтуынша, инфекция қоздырғышының берілу тетігінің ерекшелігіне және инфекциядан кейінгі иммунитеттің тұрақты сипатына байланысты иммундау алдын алудың маңызды шарасы болып табылады. Жоспарлы иммундауды жүзеге асырудың көпжылдық тәжірибесі туберкулезге қарсы күрестің осы әдісінің сөзсіз тиімділігін көрсетті. Осы жұқпалы ауруға қарсы вакцинация жаңа туған нәрестелерге туғаннан кейін 3 күні, ал ревакцинация - 7 жасқа дейінгі туберкулин теріс балаларға туберкулездің жұқпалы емес микобактериялары жүргізіледі.

Халықты профилактикалық медициналық тексеру кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен медициналық тексеру жүргізудің әдістері, әдістемелері мен технологиялары пайдаланылады. Ерте диагностикалаудың негізгі әдістері - бұл 15 және одан жоғары жастағы топтағы халықтың кеуде қуысының флюорографиясы, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерде тері ішілік Манту сынамасын (туберкулинодиагностика) қою.

Жүйелі үргізілетін жыл сайынғы терішілік Манту сынамасы балаларда туберкулез инфекциясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл инфекцияның дамымаған кезеңде алдын алуды жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан дәрігер-фтизиатрға баруға кеңес алған жағдайда, оны кейінге қалдырмаңыз. Бұған балаңыздың денсаулығы байланысты.

Әрине, тек медицина қызметкерлерінің өздері туберкулезді жеңу мүмкін емес – бұл жалпы мемлекеттік проблема, ол үлкен ұйымдастырушылық іс-шаралар мен экономикалық шығындарды талап ететіні сөзсіз. Сондықтан да, әр адамның өзіне деген қамқорлығы мәселесіне тағы да қайта оралғым келеді. Салауатты өмір салты, профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өту, ал қажет болған жағдайда дер кезінде және толыққанды емдеу – сіздің денсаулығыңыздың ең жақсы кепілі, - деді Әсем Күмісбаева. 
Маман кеңесі: флюорографияны қалай дұрыс өту керек

Флюорографияны неше жастан бастап, не үшін және жылына қанша рет өту қажет?

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің (ҚДСҰО ИЕААД) скринингтік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Гүлжан Коңыршина флюорографияға қатысты сауалдарға жауап берді, деп жазады Елорда Инфо.

«Кеуде қуысының флюорографиясы – кеуде қуысы мен өкпе органдарын рентгенологиялық тексерудің профилактикалық және диагностикалық әдісі. Кеуде қуысының флюорографиясы обырды, туберкулезді және өкпенің кәсіби ауруларын анықтау үшін скринингтік зерттеу болып саналады», - деді ол.

Маманның айтуынша, флюорография диагностикалық мақсатта жылына 1 рет барлық ересектер мен 15 жасқа толған жасөспірімдерге жүргізіледі. Алайда, осы тексеру жиі жүргізілетін адамдар тобы бар (жылына 2 рет):

* «Зиянды өндірісте» жұмыс істейтін адамдар (болат құю, кен өндіру, резеңке, асбест, полипропилен өндіру зауыттары, сондай-ақ, химиялық кәсіпорындар);

* Балалармен жұмыс істейтін адамдар (педагогтар, тәрбиеші);

* Перзентханалардың, туберкулезге қарсы диспансерлердің, инфекциялық бөлімшелердің және перинаталдық орталықтардың медицина қызметкерлері;

* Созылмалы патологиялары бар емделушілер (демікпе, қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және т.б.).

Барлық рентгенологиялық зерттеулерді 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге өтуге болмайды. Сонымен қатар, жүкті әйелдер, әсіресе, бірінші триместрде өтуге тыйым салынады. Флюорографияны босанғаннан кейінгі алғашқы күндері әйелдерде туберкулезді анықтау мақсатында жүргізеді. Процедурадан кейін сүт порциясын сүзіп тастап, содан кейін ғана баланы емізуді жалғастыруға болады.

Гүлжан Қоңыршина атап өткендей, флюорография арнайы дайындықты қажет етпейді және кез келген уақытта өткізіледі.

Зерттеудің негізгі шарттары:

* Зерттеу жүргізер алдында бірнеше сағатқа темекі шегуден бас тарту керек – бұл анық және айқын көріністі алуға мүмкіндік береді.

* Емшара басталғанға дейін дененің жоғарғы бөлігін ашып, емшара алдында барлық металл заттарды (шынжырлар, кулондар т.б.), сондай-ақ, бет пен денеден құрамында металл бар косметиканы алып тастау керек.

* Әйелдерге бюстгальтер шешуді немесе ілгекті шолуға түспеу үшін белге түсіруді талап етеді;

* Ұзын шашты суретке кедергі жасамауы үшін төбеге жинап тастау ұсынылады.

* Зерттеу тек тік жағдайда жүргізіледі, сондықтан ол жатқан науқасқа тағайындалмайды.

* Флюорография кезінде рентгенологтың барлық ұсыныстарын дәл орындау керек. Сурет барынша терең демалғанда жасалады – бұл кезеңде өкпе жақсы ашылып, толық суретті алуға мүмкіндік береді.

* Зерттеу кезінде рентген сәулелері арқа жақтан өтіп аса сезімтал пленкасы бар кассетаға түсіп, ары қарай зерттеуге мүмкіндік береді.

Флюорографияны не үшін жасау керек?

Флюорограмма дені сау, бұрын ешқандай өкпе ауруларымен ауырмаған адамда қалыпты болады. Флюорография нормасы – қара дақтарсыз өкпе суреті.

Патологиялық флюорограмма – бұрын ауырған немесе бар ауруды куәландыратын өзгерістер анықталғанда болады:

• түрлі қатерсіз және қатерлі ісіктер;

* қабыну ошағы;

* фиброз;

* өкпе туберкулезі;

* бөгде денелер;

* ішкі органдар тіндерінің некрозы;

* абсцесстер

«Өкпе флюорографиясы патология туралы нақты ақпарат бермейді, бірақ ол өкпе тіндеріндегі өзгерістерді, сұйықтықтар мен жаңа өскін жасушаларының пайда болуын дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін процедура өкпенің алдын алу диагностикасында ең қажетті болып саналады», - деп ойын аяқтады Гүлжан Коңыршина

0 пікір
Мұрағат