— Енді балансынан ақша аудару үшін билайн абоненттеріне банк клиенті болуы міндетті емес, — деді Beeline Қазақстанның қыржы-мобильдік сервистерінің жетекшісі Сергей Коптик.
Қазпошта бөлімшелерінен мобильді балансты ақшаға айналдыру үшін:
1. Қазпоштаның кез келген бөлімшесіне барып Beeline нөмірінен ақша шешетін арнайы операторға жолығасыз.
2. Жеке куәлік пен ақша алынатын телефон нөмірін айтасыз.
3. Ақша алатын нөмірге 2020 қысқа нөмірінен растау коды келеді.
4. Қазпошта бөлімшесіндегі операторға жасырын код пен алынатын соманы айтасыз.
5. Оператор кодтың дұрыстығын тексергеннен кейін ақшаңызды қолыңызға береді.
Қазпошта бөлімшелерінен алуға болатын минималды сума 1000 теңге, максималды сума күніне 50 000 теңге. Комиссия соманың 2,2 пайызы, ең аз дегенде 150 теңге.
Qazkom банкоматтарынан нөміріңіздегі баланстан ақша алу үшін:
1. SMS арқылы команда жіберу немесе beeline.kz сайтындағы құжаттытолтыру.
2. Команданы теріп SMS жіберген соң немесе сайттағы үлгіні толтырған соң көрсетілген нөмірге 7000 нөмірінен банктен растау коды келеді. Код 24 сағатқа дейін жарамды.
3. Банкоматпен жұмыс жасағанда кез келген батырманы басып, баланстан ақша алу операциясын таңдайсыз және қажетті соманы енгізесіз.
4. Банк кодтың дұрыстығын тексерген соң банкомат қажет соманы береді.
Qazkom банкоматтарынан алуға болатын минималды сома — 2000 теңге, максималды сома — 15 000 теңге. Комиссия сомасы — 4%.