Танымал адвокат “тіркелмегендігі” үшін салынатын айыппұлдан қалай құтылуға болатынын айтты
|
Белгілі қазақстандық адвокат Жангелді Сүлейменов өзінің желідегі парақшасында “тіркеуге тұрмағаны” үшін салынатын айыппұлдан қалай құтылу керектігін айтты.
“Көп адам әлі тіркеу туралы ережеге толықтырулар енгізілмегендіктен уақытша тіркеуге тұруға байланысты міндеттеу жоқ екенін жазып жатыр. Және тағы заң бойынша жаңа жерге көшіп барған адам да тіркеуге тұруға міндетті. Сонда баж салығы заңсыз ба. Менің барлық ескертпем назарға алынады деп ойлаймын. Бірақ әзірге ІІМ позициясы басқа. Олар заңда 3 ай деп жазылғанына қарамастан, 10 күн ішінде уақытша тіркеуге тұруға міндеттеп жатыр. Ал полиция болса заң бұзушыларға айыппұл салуға дайын.
Бірақ, барлық азаматтарда бірдей тіркеуге тұруға мүмкіндік жоқ. Өйткені пәтер иелері ХҚКО-ға еріп келе бермейді. Себептері айта берсе көп. Көптеген қожайындар жалға алушыларды өз пәтеріне тіркегісі келмейді. Кейбіреулері бұл үшін ақша сұрайды. Енді біреулері басқа қалада, басқа елде тұрады. Ал біраз адамдарда әлі үйдің құжаты жоқ дегендей. Мұндай жағдайда бәрібір айыппұл салынбақ.
Бірақ, егер тіркелу үшін баж салығы ретінде 226,9 теңге төлеп, сосын полицияға айтуға болады, мен баж салығын төледім, бірақ тіркеле алатын емеспін деп. Негізі ондай өтініш және түбіртек сіздің тіркелгендігіңізді айғақтайды. Заң тұрғысынан әрине есептелмейді. Бірақ, бұл мүлде тіркеусіз жүргеннен гөрі жақсы.
Онда айыппұл тіркеуге тұрудан әдейі жалтарғандар үшін арналғанын ескерсек, ол құжаттар сіздің айыппұл төлемеуіңізге мүмкіндік береді. Сіз тіркелген адам болу үшін барлығын жасадыңыз. Заң бойынша сізді жауапкершілікке тарта алмайды. Менің түсінуім бойынша ІІМ адамдарға айыппұл салуды басты мақсат етіп отырған жоқ, ал мен ІІМ-ге сенемін”, – деп жазады заңгер.
Сонымен қатар, ол Фейсбукте “Барлығы уақытша тіркеу туралы” деп аталатын парақша ашқан. Онда желі қолданушыларына жаңа ереже бойынша түсіндірулер жүргізіліп, сауалдарға жауап беріледі.
Қабылданған заң бойынша, 7 қаңтардан бастап тіркеуі жоқ азаматтардың айыппұл төлеуіне қатысты қоғамда дау туындап жатыр. Енді міндетті уақытша тіркеуге тұрмаған тұрғындар да, пәтер иелері де айыппұл төлеуге мәжбүр.
Заңды құрастырушылардың айтуынша, бұл заң уақытша тіркеуге орналасқан азаматтардың әлеуметтік көмектерді пайдалануына жол ашады. Сондай-ақ, бұл ереже заңсыз жалға берушілерді де анықтап, ішкі миграцияның бір жолға түсуіне жол ашпақ.
Үкімет басшысы iшкi iстер министрiне тiркеу шикiлiктерiне қатысты сын айтты.