Суды тұрып ішудің зияны
|
Ғалымдар тұрған адам мен отырған адамның асқазаны екі түрлі жұмыс істейтінін айтады. Оның су ішуге қандай қатысы болуы мүмкін? Егер адам сұйықтықты тұрған күйінде ішер болса, ол тура жол арқылы аш ішекке бірден тіке өтіп кетеді. Ал адам суды отырып ішкен кезде, ол алдымен асқазанға барып, бірер уақыт тынады, сол жердегі қышқылдармен араласып құрамындағы зиянды заттар өледі. Содан соң аш ішекке өтеді. Әрине, су ішкенде ағзадағы барлық зиянды зат бірден жойыла қоймайды, ақырын-ақырын жылыстап, суды көбірек ішкеннен ғана ағза тазарады. Ал тұрып ішкен су адам ағзасына еш пайда әкелмейді. Адам ағзасында жүйелік фильтр (сүзгі) жұмыс істейді, яғни, бұлшықет құрылысы «ашылып», «жабылады». Біз ішкен кез келген сұйықтықты бүйрек сүзгіден өткізеді. Егер суды отырып ішсек, сүзгі ашылады да ағзаны жақсы тазартады. Ал сұйықтықты тұрып ішкен кезде, сүзгі жабылып қалады. Су асқазанға аялдамай, бірден аш ішекке өтіп кетсе, нәтижесінде бүйрек қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Отырып ішкен кезде ағза біраз тазарғандықтан, шөл де тез қанады.
Суды тұрып ішудің зиян екендігін осыдан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген Пайғамбарлар падишасы - Мұхаммед Мұстафа (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) да білген. Оны Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өсиеттерінен байқауға болады: оған Әбу Һурайрадан риуаят етілген тағы бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз: «Ешкім тұрған күйде су ішпесін!" деген сөзі дәлел.