Кез келген адам шетелге шыққанда қиындықтар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда сіздің ресми сақтандыру құжатыңыз болу керек. Әйтпесе, далада қалып қалуыңыз әбден мүмкін. Осы орайда ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің қазақстандықтардың шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі туралы жадынамасын назарыңызға ұсынамыз.
Қазақстаннан турист болып шығарда есте сақтаңыз
|
Қазақстан азаматтары шетелге шыққанда құқығына кепілдік беріледі
2015 жылғы қарашада «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі қабылданды.
Арнайы ашылған шотқа 0,5 АЕК көлемде ақша аудару
Жүйе шығу туризмі саласында қызмет ететін туроператорлар және туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылардың банк кепілдігі түрінде қаржылық қамтамасыз етілуі және (әрбір іске асырылған туристік өнім үшін 0,5 АЕК) шығу туризмі саласындағы ҚР азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісі үшін ашылған арнайы шотына аударуды білдіреді.
«Туристік Қамқор» КҚ – жүйе әкімшісі
«Туристік Қамқор» корпоративтік қоры шығу туризмі саласындағы ҚР аазматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі ретінде ҚР Үкіметінің қаулысымен айқындалды.
Жүйе әкімшісінің жалғыз және негізгі міндеті – төтенше жағдай болған кезде туристтерді Қазақстанға тез арада қайтару болып табылады.
Жүйені тек Туристік коды бар адам қолданады
Алайда Жүйенің қызметі елден шығарда Туристік коды бар туристтерге ғана қолданылады. Турды рәсімдегеннен кейін, құжаттарды аларда саяхаттың әрбір қатысушысы үшін берілген Туристік кодтың барын тексеріңіз.
ТурКодты тексеру үшін «Туристік Қамқор» Жүйе әкімшісінің www.fondkamkor.kz сайтына кіріп, «Туристам» жолағына басыңыз, содан-кейін «Проверка Туркода» және Туркодты енгізіңіз. Жүйе – сіздің тур тізіліміне енгізілгеніңізді немесе енгізілмегеніңізді көрсетеді. Тізілімде сіздің ТурКодыңыздың болуы, аталған туроператорда қиыншылықтар туындағанда сіздің Қазақстанға қайту кепілдігі бар екендігін білдіреді.
«Біз туристтерге туристік қызмет көрсету үшін келісімшартты жасасудан бұрын таңдалған туроператор – Жүйе мүшелерінің тізіліміне енгізілгені жайлы сұрастыруды кеңес береміз. Себебі, туроператор туристік өнімді іске асыру бойынша келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе дұрыс орындамау, орындау мүмкін болмаған жағдайда, туристерге төтенше көмек көрсету – шығу туризмі саласындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің мүшесі болып табылатын туроператордан туристік жолдама алған және туркоды бар азаматтарға ғана кепілдік беріледі», – делінген ресми құжатта.
Корея Республикасына барарда Қазақстан азаматы нені білуі керек екенін мына жерден оқып алыңыз.