Күйік шалғанда дереу не істеу керек?
|
Түрлі жағдайларға байланысты тұрмыста да, өндірісте де, кездейсоқ апаттардың салдарынан бейбіт өмірде де кенеттен күйіп қалу оқиғалары кездеседі.
Бұл туралы Қазақстан арнасының “Таңшолпан” бағдарламасы хабарлайды.
Олардың оттан да, будан да, қайнап тұрған судан да, сан алуан химиялық заттардан да (күйдіргіш қышқылдар мен сілтілер тәрізді) болуы мүмкін.
Күйіктің түрлері:
Негізінен, күйік – жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тоғы мен радиоактивті сәуленің зардабынан тіннің зақымдануы. Соған сәйкес, күйіктің басты – басты төрт түрі бар. Олар:
1. Термиялық (жылулық) күйік.
2. Химиялық күйік.
3. Электрлік күйік.
4. Сәулелік күйік.
Адам денесіндегі терісінің, етінің, сүйегінің күйік шалуының мөлшеріне, қауіптілігіне байланысты күйік төрт дәрежелі болып келеді.
Адам күйіп қалғанда ең бірінші атқарылатын шаралар: күйік дәрежесін, күйдіру көздерін анықтау қажет. Күйік дәрежесі адамның көңіл-күйіне, қиналуына, денсаулығының нашарлауына, жараның көлемі мен тереңдігіне байланысты белгілі болады. Күйіктің көзін, дәрежесін анықтаудан бастап барлық шаралар жедел жәрдемге жатады.
Күйік шалған денеңізді дереу суық суда 10-15 минуттай ұстаңыз. Дәрігерлердің нұсқауынсыз өз бетіңізше күйк шалған жерді дәкемен орамаңыз. Ол теріңізге жабысып қалуы мүмкін. Одан бөлек, сұйық май немесе ас содасын қолданбаңыз, ол күйіктің тез жазылуын тежейді.
Дәрігерлер күйікті 4 түрге бөледі: Олар І дәрежелі – денеңіз қызарып ісінуі, ІІ дәрежелі күйік – іші сұйыққа толатын бірнеше көпіршіктердің пайда болуы, ІІІ дәрежелі күйік- күйген жердегі барлық жасуша қабатының жансыздануы, ІV дәрежелі күйік – тері астындағы тіндер, сіңір бұлшықеттері, сүйектердің, ішкі ағзалардың зақымдануы.