Хафиз атану үшін балаға қандай жас қолайлы?
Хафиз атану үшін балаға қандай жас қолайлы?
9 жыл бұрын 4640 ansar.ru «Арраид», № 5 (186), 2015

Балаға қандай жас қолайлы қасиетті Құранды жаттап, жадына тоқуына? Кей ата-ана қасиетті Құранды аяғы ауыр кезінде оқып, естуді бастайды, енді біреулері бала туған соң, ал тағы біреулері бала ес тоқтатып, түсінер жасқа келгенін тосады. Ақпаратты есте сақтауы үшін бала есін білетін жасқа жетуі керек. Ересектерге қарағанда балалар ойланып жатпайды, олар бірден қағып алады, яғни, ақпаратты сол қалпында қабылдайды. Қасиетті Құранмен таныстыру барысында осыны ескеру керек. Қасиетті Құранды таныстыру барысында немесе бір нәрсеге үйрету кезінде бала бір оннында тұрмай, секіріп, жүгіріп, асыр салып ойнауы мүмкін. Оның бұл қылығына шыдамдылық танытыңыз. Өйткені, баланың ағзасы ұдайы қозғалысты қажет етеді. Ол ол ма, осындай кездері ол есінде кез келген ақпаратты жақсы сақтайтын болады. Яғни, баланың миы осындай қозғалыс кезінде белсенділік танытады. Ондайда, шапалақтап, қажет болса, онымен бірге ойнап, т.б. әрекеттермен баланың көңілін өзіңізге аударып, ақпаратты жеткізіңіз. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, қасиетті Құранды үйрету үшін балаға ең қолайлы жас – 6.

(Ықшамдалып берілді – ред.)

1 пікір
Мұрағат