Ғалымдар намаздың тағы бір пайдасын тапты
Ғалымдар намаздың тағы бір пайдасын тапты
8 жыл бұрын 14757 muftyat.kz

Ғалымдар күніне бес уақыт оқитын намазда, тізе мен арқаның дұрыс бұрыш жасап тұруының,  арқаға жақсы әсер ететінін дәлелдеді.

Мұндай тұжырым «Адамның цифрлық моделін қолдана отырып, мұсылмандардың құлшылық ету кезіндегі дене қимылдарын анатомиялық зерттеу» деген ғылыми еңбектен табылған. Зерттеу барысында намаз кезіндегі адамдардың әр қалыптағы қимылдарының компьтерлік моделдері мен олардың арқаға әсері тексерілген. Намазда сәждеге жығылу – буындардың икемділігін арттырады деп тұжырымдаған ғалымдар. Аталмыш қимылды мезгілімен бес рет қайталап тұру сәжденің пайдасын арттыра түспек.  Осы зерттеумен айналысқан профессор Хасавни денсаулықтың әлеуметтік-экономикалық, діни фактормен және өмір сүру салтымен тығыз байланысты екенін атап өткен.  Оның айтуынша: «Сәждеге жығылу кезінде жасалатын іс-қимыл, арқаны емдеу кезінде қолданатын  йога мен физиотерапиядағы қалыпқа ұқсас».

Бұдан бөлек, намаздың күйзеліс пен денеге түсетін күшті жеңілдететін мүмкіндігі бар, сондықтан да адамның жүйке жүйесін тиімді емдейтіні зерттеу барысында белгілі болған. Сондай-ақ, сәжде – адамның денесінен шығатын электромагнитті сәулеленуді басудың ең жақсы тәсілі. Сәжде жасау кезінде жердің гравитациясы адам денесіндегі барлық зиянды сәулелер мен толқындарды өзіне тартып алатынын ғалымдар дәлелдеген. Мұсылман үшін сәждеге жығылу – оның мойнындағы парызы, оның Жаратушыға деген разылығы мен мойынсұнушылығы. Ол сәжде жасаудан өзіне бір пайда іздемейді, ол тек Алла Тағаланың разылығында болуға тырысады, бірақ сонымен қатар, құлшылық жасау арқылы қуанышқа кенеледі, жарастық алады әрі денсаулығын түзейді. 

0 пікір
Мұрағат