Ғалымдар ауруды басатын дәрілердің қауіпті жағын анықтады
Ғалымдар ауруды басатын дәрілердің қауіпті жағын анықтады
7 жыл бұрын 6180

Гипертония, артық салмақ және ұйқысыздық. Бас ауруын басатын дәрі-дәрмекті шектен тыс қолданған кезде осы ауруларға шалдығуыңыз мүмкін. Десе де, аталған дәрі-дәрмектердің жалғыз салдары бұл емес. Осыған орай, Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінің ғалымдары зерттеу жұмысын жүргізді. Аталған зерттеу жұмысы PLOS ONE академиялық журналында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kp.ru басылымына сілтеме жасап. 

Ғалымдардың аталған зерттеу жұмысын жүргізулеріне соңғы 10 жыл ішінде опиоидтар мен антидепрессанттардың көбеюі себеп болған. Нәтижесінде бас ауруын басатын осы дәрілердің кері әсері анықталды.

Зерттеу жұмысы қалай жүргізілді?

Ғалымдар Ұлыбританиядағы 133 000 адамды тексеріп, метаболизм мен жүрек-қан тамырлары арасындағы байланысты анықтауға тырысты. Олардың барлығы бас пен бел ауырғанда, диабет невропатиясы кезінде ауруды басатын дәрілер ішкен. Бұдан өзге аталған науқастардың дене массасы, бел жіңішкелігі және қан қысымы деңгейі тексерілген.

Осыдан кейін ғалымдар еріктілерді екі топқа бөледі. Бірінші топқа ауруды басатын дәрілер мен кардиопрепараттар, ал екінші топқа жүрек ауруын емдейтін дәрілер ішкендер жіберіледі.

Зерттеу жұмысын жүргізбес бұрын ғалымдар габапентин, прегабалин және бірнеше ауруды басатын опиоидтардың кері әсерін зерттеп алған. Себебі, 2016 жылы Ұлыбританияда опиоидтардың 24 миллион рецептісі шығарылған екен. Ал екі жыл бұрын осы дәрілерді мөлшерден тыс ішу салдарынан 11 000 науқас ауруханаға түскен.

Зерттеу нәтижесі қандай болды?

Жоғарыда аты аталған препараттарды қолданғандар 95% артық салмақ қосып, белі 82%-ға жуындап, гипертония 63%-ға дейін ұлғайған. Мұнымен қатар, зерттеу жұмысына қатысушылардың көбісі өздерін ұйқысыздық мазалап жүргенін айтқан.

0 пікір
Мұрағат