Өзгеше жорық шамы пайда болды (видео)
Өзгеше жорық шамы пайда болды (видео)
21 күн бұрын 1264 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Lumina Gear компаниясы жұртшылық назарына ұсынған Lumina Camping Lantern шамы көптеген мүмкіндіктерге ие. Бұл жайында islam.kz порталы techcult  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұл арада бірнеше функцияны қамтитын бірегей шам турасында сөз болып отыр. Негізгі пайдалану мақсатынан (жарықтандыру) басқа жаяу саяхаттағанда  мобилді құрылғылар үшін сенімді қуат көзі бола алады және ферромагниттік беткі жақтарға магнит көмегімен бекітіледі. Оның бүктелген күйіндегі өлшемі - 285 x 75 x 75 мм, салмағы 980 грамм. Ол түрлі қуаттағы бес жарық көзін біріктіреді. Негізгі 3000 люмендік жарықдиодты шам жоғарғы жағында орналасқан және әрқайсысы 1600 люмен жарықдиодты төрт панелмен толықтырылған. Шам ретінде пайдаланылған кезде Lumina панелдері бүктелген күйде көлденең ұсталады. Шатырды немесе кемпингті жарықтандыру кезінде панелдері бар бас бөлігін телескопиялық тірек арқылы 1,1 м биіктікке дейін көтеруге болады. Lumina шамы, сонымен қатар, гаражда автокөлікті жөндеу кезінде автокөлік әуесқойлары үшін өте қолайлы, мұнда оны кез келген ферромагниттік материалға магнит көмегімен бекітуге болады. Пайдаланушыларға мейлінше жоғары 3000 және 1600-ден 200 люменге дейінгі бірнеше жарық режимдері, түс режимдері - жылы, суық және жылы ақ (биязы немесе күмілжі) ұсынылады, сондай-ақ, панелдері жыпылықтаған кезде SOS режимі іске қосылады. 15 000 мАч қуат көзі қайта зарядталмай 4 сағаттан 48 сағатқа дейін жұмыс істейді. Қуатты аккумулятордың арқасында Lumina гаджеттерді қайта зарядтауға арналған құрылғы ретінде пайдаланылуы мүмкін. Шамды Indiegogo сайтында 100 доллар депозитке сатып алуға болады, бөлшек сауда бағасы – 170 доллар.

0 пікір
Мұрағат