Өз салмағынан жүздеген есе ауыр заттарды тасымалдай алатын құмырсқа роботтар жасалды (видео)
|
Биіктігі шамамен алты парақ қағазындай болатын, дәлірегі, 0,06 сантиметрден аспайтын робот құмырсқалар сыртқы айналмалы магниттік өріс арқылы қозғалады. Бұл жайында islam.kz порталы Device Cell Press мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ханиан университетінің ғалымдары бұл бағытта бірнеше тәжірибе жүргізіп, олардың қабілетін паш етті. Бұл титтей «жәндіктердің» ең басты ерекшелігі – өзінің салмағынан жүздеген есе ауыр жүктерді көтере алады немесе тасымалдай алады. Бұдан бөлек, өз бойларынан бес есе жоғары нысандарға өремлей алады, тіпті, бітеліп қалған тамырларды тазарта алады. Ал негізгі кемшілігіне келсек, өз бетінше қозғалу қабілеті шектеулі. Егер ғалымдар бұл роботтарды жетілдіретін болса, медицина мен өзге салаларда пайдасы ұшан-теңіз жетістікке қол жеткізер еді.