Өз-өзін «жеп» бітіретін зымыран құрастырылды (видео)
Өз-өзін «жеп» бітіретін зымыран құрастырылды (видео)
10 ай бұрын 955 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Глазго университетінің инженерлері аутофаг (өз-өзін жеу ұғымы) принципімен жұмыс істейтін Ouroborous-3 зымыран қозғалтқышын сынақтан сәтті өткізді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол зымырандағы жанармай қорын ғана емес, сонымен бірге, зымыранның өзін де жағып жібереді, құрылғының пайдаланылған бөліктерін іске алғысыз етіп зақымдайды. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда зымыранды  жоғары жылдамдықпен «жұтып қояды». Бүгінде орбитаға шығу үшін көп сатылы зымырандар пайдаланылады, олардың жанар-жағармайы таусылуға жақындаған сайын сатылары  жойылып отырады. Бұл процесс қымбатқа түседі, қоршаған ортаға зиянды және зымырандардың тиімділігін төмендетеді, өйткені, пайдалы жүктерді алып жүргенінен бөлек олар өздерін итеруі керек. «Қосымша» бөліктердің салмағы бүкіл зымыран массасының 5% -дан 12% -ға дейін өзгеруі мүмкін және инженерлер ғарышқа ұшырылатын жүк массасын ұлғайту үшін бұл қосымша түсетін күшті жоюдың жолдарын ұзақ уақыт іздеді. Ouroborous-3 құбырлар түріндегі тығыздығы жоғары полиэтилен корпусы бар зымыранға орнатылған. Ол күш түскенде деформацияланбауы, яғни, өзгеріске түсіп, зақымданбауы үшін, отын тұтынылған кезде жойылып кетпеуі үшін жеткілікті деңгейде мықты келеді. Полиэтилен қозғалтқышқа берілген кезде оның қызуынан ериді, содан кейін пропанмен және сұйық оттегімен араласады және реактивті ағынның әсерінен жанып кетеді. Ұшу кезінде зымыран ұдайы жеңіл тартады, сондықтан оны белгілі бір биіктікке көтеру үшін мейлінше аз отын қажет.

0 пікір
Мұрағат