Өз-өзін жеп бітіретін пластик жасалды
Өз-өзін жеп бітіретін пластик жасалды
5 ай бұрын 994 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамзаттың пластмассаға тәуелділігі еңсерілуі қиын күрделі мәселеге айналды, сондықтан ғалымдар қоршаған ортада ыдырау мерзімі аз пластик баламасын жатпай-тұрмай іздестіріп жатыр. Қоршаған ортаны ең негізгі ластаушылардың бірінен саналатын пластик тек экологияға ғана емес, сонымен қатар, адамға тікелей қауіп төндіре бастады. Ауа, ас-су арқылы адам органиізіміне тап болған пластиктің денсаулыққа қатері туралы зерттеулер жарық көріп жатыр. Осыны ескерген ғалымдар пластиктің құрамында кездесетін бактериялық споралардың арқасында биологиялық ыдырауға қабілетті материалдың жаңа түрін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңа, өздігінен ыдырайтын пластик термопластикалық полиуретанның (TPU) және Bacillus subtilis бактериясының қосындысынан тұрады. Жаңа материал пластикалық өндіріс кезінде пайда болатын жоғары температураға төтеп беруі керек. Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеуде бактериялық спораларды жоғары температура әсеріне жиі ұшырату арқылы бактерия спораларын TPU-мен араластыруға қажет Целсия бойынша 135 градус температурасына төтеп бере алатындай деңгейге жеткізді. Бұрын пластикті тез ыдыратудың жолын іздеу әрекеттері көбінесе топырақтан немесе компост үйінділерінен бактериялық ферменттер мен саңырауқұлақтарды алумен аяқталатын. Ал жаңа материал ыдырауы үшін оның ішіндегі бактериялық спораларды тек қоректік заттар мен ылғалдың көмегімен ояту керек. «Пластиктердің көпшілігі микроорганизмдерден жасалады», - дейді бұл тараптағы зерттеуге жетекшілік еткен Калифорния университетінің ғалымы Жон Покорски. Бұл пластмассалардың көпшілігі, сайып келгенде, микроорганизмдерге бай компосттау қондырғыларында ыдырамайды. Сондықтан микробсыз ортада өзін-өзі ыдырату мүмкіндігі жаңа технология көмегімен жүзеге асады. Аталмыш зерттеу барысы (сатылары) Bacillus subtilis бактериясын оқшаулаудан бастап бірнеше маңызды қадамдарды қамтыды. Бұл бактерия әдеттегі қорек пен қуат көздерінсіз тыныш күйде өмір сүре алатын бактериялардың бір түрі. Ыңғайлы компосттау жағдайында, дәлірегі, бактериялар қысқы күйден шыққанда пластиктің 90 пайызы бес ай ішінде ыдырайды. Пластмассаны биологиялық ыдырайтындай етіп жасаумен қатар ғалымдар бактериялық споралардың материалды шамамен 30 пайызға берік ететінін және оның созылу (майысу) қасиетін арттыратынын анықтады. Бұрын мұндай пластмассаның беріктігі мен икемділігі (майысу) арасындағы сәйкессіздіктен материал пайдалануға қолайсыз болатын. TPU ұялы телефон қораптарынан автокөлік бөлшектеріне, дәлірегі, орындық қаптамасына дейін кеңінен қолданылады, алайда, оны қайта өңдеудің тиімді жолы жоқ. Пластмасса өндірісі шарықтап жатқандықтан, оның қоршаған ортаға таралуын шектеу жолдарын шұғыл іздестірудің маңызы зор. Пластик ыдырағаннан кейін қоршаған ортада қалатын бактериялардың зиянсыз екенін тексеруден бастап, пластик пен бактериялардың түрлі комбинацияларын сынауға және бүкіл процесті кеңейтуге дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Разложение пластика проверяли в лаборатории. ( Ким и др., Nature Communications , 2024 г. )

0 пікір
Мұрағат