Өз организіміне аллергиясы бар науқас жазылды
Өз организіміне аллергиясы бар науқас жазылды
2 жыл бұрын 1405 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өз организімінен өзі зардап шегетін, дәлірегі, өз организіміне аллергиясы бар 27 жастағы жігітті америкалық ғалымдар өзгеше дертінен айықтырған. Бұл жайында islam.kz порталы Independent ақпарат көзіне және бұл тараптағы мақала жарияланған Urology Case Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай оырып мәлім етеді. Окленд университетінің Уильям Бомонт медицина мектебінің ғалымдары ерлердегі посторгазмдық ауытқу синдромын зерттеп, антигистаминді фексофенадин оның белгілерін (симптомдарын) 90% жеңілдетеді деген қорытындыға келді. Дәрігерлер 27 жастағы науқасты дерттен айықтырып үлгерген. Оргазмнан кейінгі ауру синдромы тұмауға ұқсас белгілері бар аллергияға ұқсас. Эякуляциядан кейін ер адамдар жөтеле бастайды, арасында түшкіреді, бұлшықеттері босаңсып әлсірейді, дене қызуы көтеріледі. Сондай-ақ, тілі күрмеліп, назар аудару және есте сақтау қиындық көруі мүмкін. Мұндай симпомдар бірнеше күннен бір аптаға дейін созылады. Мұндай симптомдар ер адамның өз сперматозоидтарына аллергиялық немесе аутоиммундық реакциясы салдарының көрінісі болуы мүмкін. Инфекцияға немесе ұрық бездерінің зақымдалуына байланысты ол қанға өте аз мөлшерде енеді. «Ағзадағы иммундық жасушалар кез келген бөгде микрорганизмдерге шабуыл жасауға бағдарланған. Сперматозоидты қолдайтын, оны қоршап, иммундық жасушалардан оқшаулайтын, Сертоли деп аталатын арнайы жасушалар  бар. Сертоли жасушалары зақымдалған кезде сперматозоидтар иммундық жүйенің әсеріне ұшырайды. Ол оларға вирус немесе бөгде бактерия сияқты шабуыл жасайды», - дейді аталмыш зерттеуге атсалысқандардың бірі Ендрю Шанхолцер. Синдром алғаш рет 2002 жылы анықталған. Ресми түрде осындай 60-қа жуық жағдай тіркелді, ал нақты өмірде мұндай симптомдары бар адамдар қарасы әлдеқайда көп болуы мүмкін. PTSD (оргазмнен кейінгі осындай симптом) бар ерлердің бірі – дәрігер Ендрю Шанхолцердің 27 жастағы пациенті болатын. Америкалық азамат аталған аурудың белгілерін алғаш рет 18 жасында байқаған. Дәлірегі, ол оргазм алған сайын жөтеліп, түшкіретінін байқады. Бұдан бөлек, жігітте әр төсек қатынасынан соң есекжем бөртпесі пайда болып, мұрыннан су ағатын әдет пайда болған. Эякуляция кезінде оның бетіндегі және мойынындағы лимфа түйіндері ісініп, белгілері күшейген. Симптомдардың азабына төзбеген жігіт төсек қатынасынан тыйылған. Окленд университетінің ғалымдары тобы пациентке әртүрлі антигистаминдерді қолданып көруді ұсынған екен. Нәтижесінде фексофенадинмен емделіп жазылған.

0 пікір
Мұрағат