Өз бетінше қозғалатын, өздігінен ұйымдасатын дрондар тобы құрылды (видео)
Өз бетінше қозғалатын, өздігінен ұйымдасатын дрондар тобы құрылды (видео)
4 ай бұрын 819 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Будапешттегі (Венгрия) Еотбес Лоранд университетінің (ELTE) ғалымдары ұшқыш адам мүмкіндіктерінен асып түсетін, автономды (дербес) қозғалатын, өздігінен ұйымдасатын дрондар тобын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Swarm Intelligence мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2014 жылы робототехника инженерлері кем дегенде он бірліктен тұратын әлемдегі алғашқы автономды квадрокоптер тобын жасады. Бұл тарапта олар жүздеген ұшқышсыз ұшақтардың көмегімен жол қозғалысын имитациялауға қол жеткізді: үйірімен ұшқан дрондар қозғалысы мейлінше мінсіз үйлескен. Дербес қозғалатын әрбір дронның өз бағыттары мен өз мақсаттары болғандықтан бір-бірімен қақтығысып қалу қатері жоғары болды, әсіресе, қозғалыс траекториялары бойынша бір-бірімен еркін бағытта қиылысатын ашық кеңістіктерде қақтығысып қалу ықтималдылығы тым жоғары еді. ELTE ғалымдары нақты уақыт аралығында  жаңартылған бағытты жоспарлайтын функцияны әдеттегі биологиялық, яғни,  табиғи үйір үлгілерімен біріктірді. Бұл комбинация автономды дрондарға қақтығысты болдырмауға мүмкіндік берді. Орталық басқарылмайтын, өзін-өзі ұйымдастыру моделінің тиімділігі симуляцияда алғаш рет тексерілді. 5000 дронның үздіксіз жоғары жылдамдықтағы кездейсоқ трафигі түрлі жылдамдықтары мен басымдықтары қамтылған екі өлшемде көрсетілді. Көп қабатты 3D корпустары да тығыз дрон трафигі бар жағдайларда тиімділік танытатындай етіп моделденді. Содан кейін модел CollMot Robotics Ltd компаниясына тиесілі жүз дроннан тұратын нақты үйірде сынақтан өтті. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында өзін-өзі ұйымдастыратын ұшқышсыз қозғалыс жүйесінің нақты жағдайда жұмыс істей алатын қабілетін дәлелдеді

0 пікір
Мұрағат